Padlet виртуалды тақтасындағы онлайн курстар

Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы оқытушылар мен білім алушылар әлемдік ақпараттармен байланысуга, білімдерін онлайн форматында кеңейтуге, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады. Сонымен қоса онлайн-курстар арқылы білім алуға болады, яғни бұл кез келген ниет білдірушіге қандай да бір тәртіптік курсты оқып, емтиханды онлайн режимінде тапсыруға мүмкіндік беретін интерактивті қатысу және ашық қолжетімділік бар интернет-ресурс. Бүгінгі таңда Coursera, Khan Academy, edX, Open2Study платформалары ең дамыған және кеңінен таралған халықаралық онлайн курстар болып саналады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары бөлімі "Padlet" виртуалды тақтасында халықаралық платформалардың онлайн-курстарының тізімін жинақтады. Яғни Padlet виртуалды тақтасына https://ru.padlet.com/shokhnozakh/2a8kwehqpsince4n осы сілтеме арқылы өте аласыз. Онлайн курстың біршама артықшылықтарын айта өтетін болсақ:

- Жеке оқу қарқыны, топқа бейімделуді қажет етпейді

- Оқу құралдарына артық шығын болмайды. Білім беру үшін барлық қажетті материалдар сізге курс ішінде онлайн режимінде қол жетімді болады.

- Сертификат алу мүмкіндігі

Қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың дамуы мен ақпараттық қоғамның қалыптасу дәуірінде қоғамның кез-келген мүшелері онлайн курс жайлы біраз ақпарат біле жүріп және сол арқылы білім ала білгені дұрыс. Себебі онлайн курстармен білім алу - бұл жаңа оқыту мәдениетін, қарым-қатынасты, ынтымақтастықты дамытуға, интернет арқылы білім алуға, академиялық қауымдастықтар құруға ықпал ететін пайдаланушыларға білім берудің инновациялық әдісі.

1695 1

05.05.2021, 06:17
1170 қаралым