ОТАНДЫҚ ТАРИХТАН АШЫҚ САБАҚ

Қараша айының 3-і күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А. Қабыл Қазақстан тарихы пәні бойынша «Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы» тақырыбында «Медицина» білім бағдарламасы ВМ-МҚБ-1-23, ВМ-МҚБ-2-23, ВМ-МҚБ-3-23 оқу топтарының 1-курс білім алушыларына ашық дәріс сабағын өткізді. Ашық сабаққа оқу орнының Оқу бөлімінен, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары, кафедра меңгерушісі қатысты. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары орын алған кеңестік тоталитарлық режимнің іске асырылуы бойынша тарих үдерістерін айқындау мақсатындағы сабақ барысы белсенді оқыту әдісі арқылы жүргізілді. Дәріс мазмұны ғылыми-зерттеулік материалдар негізінде даярланған ақпараттық түрде баяндалды. Схемалық сызбалар, карталық сурет, фото-видеокадрлар арқылы ұсынылған көріністер білім алушылардың Отандық тарихқа деген танымдық зерделерін қалыптастыра түсуге, оқуға деген дайындықтарын арттыруға ықпалы бар. Сабақта кері байланыс орнатылып, білім алушылар талданған мәселелерге байланысты өз ойларын білдірді, сұрақтарға толықтай жауаптар берілді. Қатысушылар ашық сабақ соңынан аталған тақырып бойынша арнайы жасақталған оқулық кітаптар, оқу құралдары, ғылыми жинақтар, мерзімді басылымдар көрмесімен танысты.

15.11.2023, 10:40
476 қаралым