Отандық ғалымдардың Академияға визитингі

Визитинг бағдарламасы бойынша біздің академияға ҚР мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, профессор Т.А.Арыстанова мен профессор Ж.М.Арыстанов келді. Қонақтарды ректор, профессор М.М.Рысбеков қабылдап, Академияның соңғы жылдардағы жетістіктері мен білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша перспективті даму жоспарлары туралы әңгімеледі. Қонақтар нығайып жатқан материалдық базаны, салынып жатқан университеттік емхананы, студенттердің оқуы мен орналасуы үшін жасалған жағдайды жоғары бағалап, Академияның осылай дамуына елеулі үлес қосып жүрген құрылтайшы, профессор С.С.Сейітжановтың еңбегін атап өтті.

Профессор Т.А.Арыстанованың визитинг бағдарламасы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары үшін дәрістер мен шеберлік сабақтарын жүргізу болатын. Ол көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының, сонымен қатар дәрілік заттарды жасау және стандарттау саласындағы ғылыми монографиялардың, басылымдардың, авторлық құқықтар мен патенттердің авторы ретінде студенттерге ерекше әсер қалдырды.

Дәрістер мен зертханалық сабақтар «Дәрілік заттар сапасын бақылау» модулды оқу бағдарламасы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жүргізіліп, оған аминқышқылдары туындылары, гетероциклді қосылыстар, стероидты гормондар және т.б. дәрілік заттар талдауы сияқты тақырыптар енгізілген.

«Физика-химиялық талдау әдістері: практикалық қолданылуы» тақырыбындағы шеберлік сабақтары қызықты болды. Лектор дәрілік заттарды стандарттау және сараптау саласындағы ғылыми, сонымен қатар тәжірибелік мақсатта қолданылатын заманауи хроматографиялық, оптикалық, фотометриялық әдістерге тоқталып өтті. Дәрілік заттардың эффективтілігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ететін ЕАЭО және шетелдік фармакопеялардың талаптарына салыстырмалы талдау жүргізді.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы ұжымы Т.А.Арыстановаға кафедра мен Академияның дамуына және Ұстаздар дәстүрін жалғастырып, қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға зор үлес қосқаны үшін, сонымен қатар осындай мазмұнды да нәтижелі іс-сапар бағдарламасы үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Проф. Арыстанов Ж. М. және проф. Арыстанова Т. А. біздің Академия қабырғасында болу нәтижелері бойынша өз пікірлерін қалдырды:
Академиялық ұтқырлық бойынша 30 жылдан астам жұмыс істеген ОҚМА-ға сапар туралы әсерлеріммен бөліскім келеді. 2012 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана медицина университеті Фармация мектебінің фармацевтикалық пәндер кафедрасында жұмыс істейміз. ОҚМА фармация факультеті Фармацияның бесігі, елдің фармацевтикалық кадрларының негізін қалаушы болды және болып қала береді.
Фармация факультетінің қалыптасуы мен дамуының бастауында оның негізін қалаушы - біздің ұстазымыз Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев тұрды. Жалғыз фармацевтикалық факультеті бар Филиал толыққанды медициналық жоғары оқу орнына айналды және ректор Орынбай Дайырбекұлы Дайырбековтің басшылығы кезінде ауқымды дами бастады.
ОҚМФА болып қайта құрылғаннан кейін фармацевтика факультеті ректор
Б. Д. Сексенбаевтың басшылығымен одан әрі дамыды.
2018 жылы ОҚМФА Медицина академиясы болып қайта құрылды, онда жалпы медицина, педиатрия, стоматология, мейірбике ісі факультеттері қайта ашылды және медициналық оқу орны өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.
Қанша дүрбелең, қайта құру болмасын, фармация факультеті Академияның мызғымас флагманы болды және болып қала береді. Негізгі позицияларды біздің шәкірттеріміз басқарып отыр: фармация факультетінің деканы - Өмірзақова Г. Ж., бейінді, бітіруші кафедралардың меңгерушілері - проф. Ордабаева С. К., Шертаева К. Ж., Орынбасарова К. К. Біз оларды мақтан тұтамыз!
Фармация факультетінде ПОҚ ғылыми дәрежесі өте жоғары - фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында - 70%, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында - 57% құрайды.
Қазіргі басшылық, құрылтайшы - профессор С.С. Сейтжановтың білім, ғылым және практика өзара іс-қимыл жасайтын стратегиялық даму жоспары бар ірі заманауи медициналық жоғары оқу орны ретіндегі Академияның болашағы туралы көзқарасы бізді таң қалдырды. 800 төсек-орынға арналған жеке клиникалық база салынуда. Ескі ғимараттар толығымен қалпына келтірілді, ойластырылған, функционалды оқу ғимараттары, ауқымды дәріс залдары, виварийі бар заманауи аппаратурамен жабдықталған ғылыми-зерттеу орталығы пайдалануға берілді. Бұл әлі қайта құрудың шегі емес. Мұндай материалдық-техникалық база туралы тек армандауға болады!
Ректор М.М. Рысбеков бастаған ПОҚ қазіргі заман талаптарына сай болу, басшының күткен үміттерін ақтау үшін бар күштері мен орасан зор материалдық қолдауларын көрсетіп отыр.
Мұндай медициналық жоғары оқу орны халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірі үшін аса қажет!
Құрметті құрылтайшы, проф. С.С.Сейтжановпен оның пікірлестеріне, серіктестеріне, Академияның ПОҚ-на халықтың игілігі үшін елдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жұмыстарына сәттілік тілейміз.

 

Профессорлар Арыстанов Ж.М. және Арыстанова Т.А.

11.04.2024, 19:15
424 қаралым