«Орыс тілі коммуникативтік платформада»

Педагогикалық тәжірибе алмасу, өзара шығармашылық және ғылыми қатынастар орнату мақсатында 2016 жылдың 26 жұлдызында ОҚМФА –ның қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында Алматы қ ҚазҰУ – нің филология және әлемдік тілдер факультетімен бірлесе отырып, «Языковая компетентность как показатель высокой профессиональной среды» тақырыбында  Халықаралық ғылыми- әдістемелік онлайн- семинар  өткізілді.

728 1

Семинарға қатысушылар тілдік емес ЖОО – ғы оқу – тәрбие  үдерісіндегі заманауи технологиялар мен кәсіптік компетенция мәселелері жайлы сөз қозғады. Семинардың негізгі мақсаты – мәдени, рухани өсуге ынталандыру,  Қазақстанда тұратын этностардың  тіл ерекшкеліктерін  сақтай отырып,  көптілді қоғамды қалыптастыру. Заман ағымы бір орында тұрмайды, күн сайын даму үстінде, сондықтан тілдерді оқып үйренуге оңтайлы жағдай қалыптастыру қажет.

728 2

Семинар жұмысы барысында ЖОО шеңберіндегі көптілділікті жетілдіру тұрғысында маңызды мәселелер қозғалды: оқу үдерісіндегі алған білім нәтижелерін бағалаудың  заманауи әдістері, модульды оқыту және ғылыми мәтіндерді талдаудың ерекшеліктері. Сөзжарыс кезінде талқыға кәсіби мамандардың  терминологиялық  дайындығы турасында әңгіме козғалды.Бұл тақырып бойынша ОҚМФА – ның  қазақ тілі курсының меңгерушісі Сәлім Е.Қ. сөз алды. Ерекше назарда ОҚМФА – ның казақ, орыс және латын кафедрасының меңгерушісі, к.ф.н Амандықова С.Х. ұсынған «Развитие высшего образования Казахстана в контексте Болонского процесса и государственная политика в области здравоохранения» атты электрондық анимациялық оқулық  болды.

728 3

ҚазҰУ-дың орыс филологиясы, орыс және әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д, профессор Б.У.Жолдасбекова сөз алып, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасына алғыс айтып, келешекте де жаңаша ой-пікір алмасуға ниет танытты.

Семинарға қатысушылардың ойынша осындай онлайн- семинар іспеттес іс-шаралар жаңа қызықты ақпараттармен алмасу үшін өте қолайлы және түрлі мамандар дайындауда ұқсастықтармен қатар өзгешеліктер бар екенін айқындай түседі.

728 4

Сөз дегеніміз – ұлы шығармашылық күш. Ғасырлар бойы тіл мамандары сөз түсінігін зерттеген, дефиниция ұғымын ұсына отырып, сөз құдіретін анықтаған. Сондықтан осындай семинарлар өткізудің нәтижелері жемісті болуына сеніміміз бар.

03.03.2016, 04:04
445 қаралым