«Орталық Азия гастроэнтерология апталығы – 2015ж.»

612 1 1

2015 жылдың 30 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Алматы қаласында бауырды зерттеу Еуропалық ассоциациясы қолдауымен (EASL) халықаралық «Орталық Азия гастроэнтерология апталығы – 2015ж.» конгресі өтті. Оған жұқпалы аурулар және дерматовенерология меңгерушісі, проф.м.а. Г.Н.Абуова қатысты. Конгресте алдыңғы қатарлы ғалымдар (Еуропа, АҚШ, БАҰ, Корея) өз тәжірибелерімен бөлісті.

612 2 2

Аталған конгресте бауырдың метаболикалық бұзылысы, бауырдағы аутоиммунды, токсикалық зақымдалуы және вирусты гепатиттерде, бауыр циррозы және оның асқынулары, бауырдың трансплантациясы, заманауи деректері толығымен талқыланды. Конгреске Г.Н.Абуова «Поражение печени при Крымской-Конго геморрагической лихорадке» атты баяндамасымен шықты. Конгрестің ғылыми білімді бағдарламасы қатысушылардың мамандық білім деңгейін көтеріп, онда алған білім мен тәжірибелерін денсаулық саласында енгізеді.

612 3 3

07.10.2015, 23:21
525 қаралым