«Орта буын деңгейінде «Мейіргер ісі» мамандарын даярлауда медицина колледжі мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел

2023 жылғы 28 қарашада «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжде орта медициналық білімі бар түлектерді даярлау бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға медицина колледжінің деканаты, кафедра меңгерушілері, облыстық клиникалық аурухана, №1 Қалалық клиникалық аурухана, №2 қалалық аурухана өкілдері және медицина колледжінің студенттері қатысты.
Мақсаты: түлектердің табысты жұмыс істеуі үшін қажетті мәселелерді талқылау, негізгі қызметімен, даму перспективаларымен, жұмыс берушінің мамандарға қоятын талаптарымен танысу.
Іс – шараны медицина колледжінің директоры А.М. Кушкарова ашты, ол дөңгелек үстел бағдарламасын ұсынды және іс — шараның негізгі мақсаты-емдік профилактикалық мекемелерімен әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша ақпарат алмасу және «Мейіргер ісі» мамандығының студенттерін даярлау сапасын жетілдіру керек екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелде «Мейіргер ісі -1» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.м. Б.Д. Серикова: «Мейіргер ісі мамандарын даярлауда білім беру бағдарламасын жетілдіру», «Мейіргер ісі – 2» кафедрасының меңгерушісі Г.Н. Айбекова: «Колледж деңгейінде «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жағдайы» атты баяндамалар тыңдалды.
Баяндамаларда құзыреттіліктердің қалыптасуы мен білім беру және кәсіптік стандарттардың өзара байланысы толығырақ баяндалды.
Талқылауға жұмыс берушілер нысаналы бағыттағы оқытуды және одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе, емдік профилактикалық мекемелермен өзара іс-қимылдың негізгі түйінді мәселелері айқындалды, онда өзара қарым – қатынастардың жаңа жүйесін-әлеуметтік әріптестікті құруға және дамытуға басты назар аударылады, оның мәні білім беру саласы мамандарды даярлауы және СОП стандарттарының талаптарына сәйкес кәсіптік оқытуды жүзеге асыруы тиіс, ал жұмыс берушілер білім беру процесіне белсенді қатысу (оқу-әдістемелік құжаттамалар; диплом алдындағы және өндірістік практиканы өткізуге белсенді қатысу; тәлімгерлік жүйесін дамыту). Қорытындылай келе, ынтымақтастықты жалғастыру және өзара әрекеттесу бағдарламаларын одан әрі дамытудың мақсатында тұрақты түрде «Дөңгелек үстелдер» өткізу ұсынылды.

01.12.2023, 15:31
343 қаралым