«Оқырманы бар ақын, бақытты ақын» атты әдеби сазды кеш

2022 жылдың 23 қыркүйек күні академияның кіші мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, ақын, жазушы, Халықаралық және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан педагогикалық Академиясының профессоры Әбілсапар Тұрғынбаевпен «Оқырманы бар ақын, бақытты ақын» атты әдеби кеші өткізілді. Кешке академияның студенттері мен Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысы «Нұр шашу» домбырашылар үйірмесінің орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен бастау алып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқылып, «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» атты бейнеролигімен жалғасты.

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының міндетін атқарушы Сейданов О.Е Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқарамасының басшысы Е.Сәлімді арнайы алғыс хатпен марапаттап, кештен рухани байып, ерекше әсер алғандықтары туралы пікір білдірді.

23.09.2022, 18:20
546 қаралым