«Оқу жүйесінде белсенді оқу тәсілдерін қолдану» атты аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы әдістемелік семинар

18.03.2022 ж. сағат 10-00-де Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедраларының ұйымдастыруымен «Оқу жүйесіндегі белсенді оқу тәсілдерін қолдану» атты аймақтық жоғары оқу орындары арасында әдістемелік семинар өтті.
Әдістемелік семинардың алға қойған мақсаты оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаңартылған педагогикалық технологиялар арқылы білім алушылар мен оқытушылардың біліктілігін жетілдіру, дербестік, ізденімпаздық, шығармашылық, құзыреттілектерін дамыту болып табылады.
Әдістемелік семинарға білім және ғылым саласында қызмет етіп жүрген арнайы қонақтар шақырылды, олар Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Теология факультетінің деканы, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор К.Т. Досай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, «Философия» кафедрасының меңгерушісі саяси.ғ.к., доцент П.М. Сүлейменов, М.А. Әуезов атындағы ОҚУ «Философия» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент М.Ж. Спанов және ОҚМПУ phd докторы Ш.А. Битемірова.
Іс-шарада Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор К.Т. Досай «Дін және мемлекет қатынасы: зайырлылық ұстанымдағы құндылықтың заманауи тәсілдері», ОҚМПУ Phd докторы Ш.А. Битемірова «Білім алушыларға сапалы білім және саналы тәрбие жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану», ОҚМА п.ғ.к., Л.С. Майлыбаева «Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың алатын орны», ОҚМА аға оқытушы Л.Т. Махатова «Студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру құралдары» тақырыптарында баяндамалар жасалынды.
Әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша оқытудың заманауи технологияларын оқу үрдісіне енгізу, сондай-ақ, білім беру саласын ақпараттандыруда арнайы технологиялар мен техникаларды пайдаланудың маңыздылығы мен қолдану шеңберін арттыру қажет деген ұсыныс жасалынды.

24.03.2022, 18:18
492 қаралым