«Оқу үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалана отырып, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы әдістемелік семинар

Қаңтар айының 06.12.2022 жылы «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен:«Оқу үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалана отырып, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға Досыбаева Г.Н. - м.ғ.д. профессор Жалпы медицина білім беру бағдарламасының төрайымы.
Сейдахметова А.А. - м.ғ.к. Мейіргер ісі білім беру бағдарламасы төрайымы.
Сарсенбаева Г.Ж. - м.ғ.к.Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасының төрайымы қатысты.
Семинарда баяндамалар үш тілде баяндалды. Семинар төмендегі бағдарлама бойынша өткізілді:
1. Алғашқы сөз «Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызына беріледі.
2. Модератор: аға оқытушы Курманбекова Шырынкуль Жумановна
Баяндама: Микробиология пәнін оқытудағы әдіснамалық тәсілдердің ерекшеліктері.(Баяндама Қазақ тілінде)
Спикерлер:
3. Аға оқытушы: Абдраманова Айгерим Асылхановна : Медицина мамандықтары бойынша білім алушылардың микробиология пәнін меңгеруде «Жұмыс дәптерін» қолдану ережелері (Баяндама Орыс тілінде)
4. Оқытушы: Төлеген Айнұр Нұрланқызы: Шетел білім алушыларына микробиология, вирусология және иммунологияны оқытудағы әдістемелік тәсілдер. (Баяндама Ағылшын тілінде)
5. Оқытушы: Садыбек Ұлдана Әбілқызы: Оқытудың имитациялық әдісін пайдалана отырып,зертханалық сабақты өткізу. (Баяндама Қазақ тілінде)
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасы төрайымдары семинар соңында,қорытындылау барысында тақырыптар бойынша сұрақтар беріп, әрбір баяндаманы жеке талқылап,жоғары баға берді. Микробиология пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізу кезінде, оқу процесіне белсенді әдістерді қолдану және енгізу, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін, критикалық ойлауын, тәжірибелік дағдыларын дамыту,білім алушылардың дербестігін арттыруға ықпал етеді. Және білім беру бағдарламасы төрайымдары микробиология, вирусология және иммунология пәнінде баяндамада баяндалған имитациялық әдістің өте қажеттелігі өз тараптарынан маңызды екендігін атап өтті.
Білім беру бағдарламасы төрайымдары имитациялық әдіспен және жұмыс дәптерін қолдану микробиология пәнінде білім алушының пәнге деген аса қызығушылығын тудырып,құзыреттілігін арттыруға өзінің үлесін қосатындығын атап өтті.Семинар соңында ұжымға алғыс білдіріліп,кафедра ұжымына тілектер айтылды.

12.01.2022, 14:35
432 қаралым