ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасына академиялық ұтқырлық профессор Д. А. Баешевамен

04.04-14.04.2023ж аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында КЕАҚ "Астана медицина университеті" балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.А.Баешева ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында болды. Сапар барысында "Ересектер, балалар жұқпалы аурулары" мамандығының бірінші курс резиденттерімен, "балалар жұқпалы аурулары" пәні бойынша "жалпы тәжірибелі дәрігер" мамандығының интерндерімен дәрістер оқылып, тәжірибелік сабақтар өткізілді. Профессор Баешева Д. А. оқытудың инновациялық әдістерін (дәріс-тренинг, Стандартталған пациент: SP – Standartpatien, эссе, клиникалық жағдайды қорғау және т.б.)қолданды. Резиденттер, интерндер ОБЖА (облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы), ШҚИА (Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы) басшылығымен ұйымдастырылған "Қазіргі кезеңдегі балалардағы қызылша", "балалардағы ЦМВИ диагностикасы мен терапиясына заманауи көзқарастар", "инфекциялық-токсикалық, септикалық шокты диагностикалау және емдеу клиникасы" оқыту семинарларына қатысты. Тренингтің оң аспектісі аудиторияның белсенді кері байланысы, Қазақстан Республикасының балалар инфекциясының негізгі мәселелерін, оларды шешу жолдарын түсінуге баса назар аудару болды.

Инфекционист резиденттерімен сабақ: РИАК-01-22 тобы

Тағылымдамадан (интерн-дәрігерлер)өтушілермен сабақ: І-ЖТДҚ-16-22 топ

ШҚИА реанимация бөлімінде резиденттермен пациенттерді тексеру және кеңес беру

ОҚМА клиникалық базаларында тақырыптық оқыту семинарларына қатысу

20.04.2023, 11:13
420 қаралым