ОҚМА студенттері Қарағандыда!

2021 жылдың 29 қазаны мен 15 қарашасы аралығында «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен академиямыздың 02-18 ҚДСо тобының студенттері ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде Қарағанды медицина университеті КеАҚ «Қоғамдық денсаулық және биомедицина» мектебіне барып, «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» пәнінен білім алып қайтты. Аталған пәннен сабақтарды «Қоғамдық денсаулық және биомедицина» мектебінің м.ғ.к, профессор Талиева Гулбанат Нургалиевна жүргізді. Студенттер сабақтардың жоғары деңгейде өткендігін, профессордан сабақ алу ерекше қызығушылық тудырғандығын, кәсіби білім мен практикалық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік алғандықтарын ерекше айтып өтті. Академиямыздың студенттері тек сабақ оқумен шектеліп қалмай, «Team building» семинар-тренингке қатысты. Академиялық ұтқырлық соңында 02-18 ҚДСо тобының студенттері жазбаша емтиханды түгел «жақсы» деген бағаға тапсырып, тек кәсіби өсіп қана қоймай, эмоционалды түрде шабыт алып Шымқаламызға оралды.
Әрине, жаңа адамдар, жаңаша білім беру, бұл сөзсіз эмоциялар! Бұл игі іс-шара осымен тоқтамай, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасымен бастау алып, академиямыздың өзге кафедраларымен де қолға алынатынына біз кәміл сенеміз!

26.11.2021, 23:23
464 қаралым