ОҚМА-ның Жұқпалы аурулар кафедрасына МУА-ның 2023-2024 жылғы академиялық ұтқырлығы
Қазіргі таңлағы университеттер арасындағы академиялық ұтқырлық - бұл жай ғана сөз тіркесі емес, білім беру процесінің нақты негізгі құрамдас бөлігі. Бұл студенттер білім мен тәжірибе іздейтін шабыттандыратын саяхат
2024 жылғы 13.03.2024-01.04.2024 ж. аралығында Астана медицина университеті "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясында "Балалар жұқпалы аурулары" бағыты бойынша циклды сәтті өтті.
Студенттер "Қалалық жұқпалы аурулар" кафедрасында өз білімдерін шыңдатты. Болашақ жас мамандар ауруханадығы жұқпалы аурулар бөлімшесімен танысып, өздерінің теориялық және практикалық білімдерін толықтырды. Тәжірибе алмасу барысында студенттерге жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Батпа Ережеповна және Садыхова Д. Қ. дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізді.* Практикалық машықтарды үйрену барысында студенттер тәжірибелік дағдылар орталығына барып, манипуляциялардың жүргізілу тәртібімен таныстырылды.
Бұл тәжірибе студенттер үшін баға жетпес тәжірибе берді деп үміттенеміз, бұл олардың кәсіби дамуын байытады және оларды медицина саласындағы болашақ мансапқа дайындайды.