ОҚМА командасы «Asfen. Forum, жаңа ұрпақ - 2023» атты I Халықаралық форумында

5-6 маусым аралығында ОҚМА командасы әлемнің 20-дан астам елінен келген ең талантты жас ғалымдарды біріктірген бірегей іс-шараға қатысты, соның ішінде Қытай, Ұлыбритания, Ирландия, Финляндия, Түркия, Словения, Индонезия, Оңтүстік Корея, Польша, Испания, Австрия, Нидерланды, Литва, Иран, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей.
«Asfen. Форум, жаңа ұрпақ – 2023» жас ұрпақтың шығармашылық қызметін шабыттандыру және ынталандыру мақсатында академиялық қауымдастықтарды, зерттеушілер мен жас ғалымдарды денсаулық сақтау саласындағы ақпаратпен, тәжірибемен және зерттеу нәтижелерімен бөлісуге бағытталған.
Форумның негізгі міндеті білім беру, ғылым, тәжірибе және бизнесті интеграциялау шеңберінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық мақсатында нетворкинг үшін алаң құру және тәжірибелі ғалымдар арасында бірлескен байланыстар орнату болды.

Форум аясында «Кардиология», «Онкология», «Гинекология», «Педиатрия», «Хирургия», «Урология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Биомедицина», «Фармация», «Стоматология», «Реабилитология және спорттық медицина» және «Мейіргер ісі» секцияларында әртүрлі салаларының өзекті мәселелері қаралды.
«Фармация» секциясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры, профессор, PhD Есіркепов Марлен Махмудович «ОҚМА АҚ жариялау белсенділігін ынталандыру» баяндама жасады.
«Мейіргер ісі» секциясы Erasmus+ «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргер білімін дамытуды жеделдету (AccelEd) мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулердің сапасын жетілдіру» жобасы шеңберінде өткізілді.
Панельді сессияға ОҚМА командасынан Ахметова Алма Абдукаримовна, ОҚМА стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, Erasmus+ «AccelEd» жоба менеджері, қатысты. Сессияда мейіргер ғылымды жетілдіру мәселелері мен жолдары, әлемдегі мейіргер ісінің орны, мейіргерлік практика мен зерттеулерді кеңейту туралы мәселелер, білім берудің өзекті тақырыптары және мейіргер күтімінің сапасын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы мейіргер ғылымының кадрлық әлеуеті мен инфрақұрылымының жағдайы, мейіргер ғылымын дамытудың халықаралық тәжірибесі талқыланды.
Секцияда м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі «Түлектердің құзыреттілігін арттыруда зерттеулер мен білім беруді интеграциялау» баяндама және кафедра ассистенті, PhD студент Ходжакулова Умида Абдывалыевна «Табысты тұлғаны қалыптастырудың кепілі ретінде балаларды тәрбиелеуде әкелерді тартудағы учаскелік мейіргердің рөлі» баяндама жасады.
«Хирургия» секциясында «Отаға дейінгі дене салмағының индексіне байланысты бір анастомозды гастрошунттаудан кейінгі операциядан кейінгі кетоздың жағдайын бағалау нәтижелері» баяндамамен «Хирургия – 1» кафедрасының ассисенті PhD-студент Сұлтанов Қасымхан Уәлиханұлы сөз сөйледі.
Екі күндік іс-шара тәжірибелік ұсыныстар әзірлеумен және резолюция қабылдаумен аяқталды.

09.06.2023, 17:12
593 қаралым