ОҚМА Іріктеу жарысы

Спорт — қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыс пен ауыстырып отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, спорт — барлық тәрбие атаулының бір саласы.
Осы мақсатта 2023 жылдың 23-інші қазаны мен 1-інші қараша аралығында академияның 4-інші корпусы спорт залы ғимаратында “Дене тәрбиесі” орталығының ұйымдастыруымен академияның құрама командасын жасақтау мақсатында іріктеу жарыстары өткізілді.
Ең алдымен іріктеу үшін өткізілген волейбол ойыны, бұл ойында білім алушыларыдың қозғалыс жылдамдығын, үйлестіру қабілеттерін, сондай-ақ ең басты қасиеті –ойлау қабілеті мен күш, секіру қабілеттерін білу өте қажет. Осындай ерекшеліктеріне қарап ойын барысында іріктеу жүргізілді, білім алушылар жақсы деңгейде ойын көрсетті.

Екінші күні баскетбол ойыны талаптары, әдіс тәсілдері мен ойынның техникаларын түсіндірді. Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаны мен шабуылда нәтиженің әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады. Білім алушылар талапқа сай іріктелініп алынды.

Ұлдар арасында шағын футбол ойыны іріктеуі апта ортасында жүргізілді. Ойын барысында, допты тоқтату, пас беру және тебу әдістері өзара келісіп бөліп алды. Нәтижесінде ең мықтылары іріктелінді.

Үстел тенисіне іріктеуге және ойын ережелерімен таныстырылды. Танысу үшін үстел теннисі ойыншыларын жаңадан бастағандар үшін техника мен ережелерді үйрену артық болмайтынын атап өтті.

«Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» деп америкалық публицист Ричард Бах айтпақшы, адамның бәсекеге қабілеттілік қасиетінің дамуына шахматтың пайдасы көп. Іріктеуіміздің келесі туры шахмат және дойбы ойындарына ұласты.

06.11.2023, 10:16
309 қаралым