ОҚМА ФАРМАКОГНОЗИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТТАРЫ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
2023 жыл 19-20 қазанда Ташкент фармацевтикалық институтында "Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттаудың заманауи тәсілдері" атты ғылыми конференция өтті. Конференция Өзбекстанның көрнекті ғалымы, профессор Хамид Холматович Холматовтың туғанына 100 жыл толуына арналған.
Конференция ZOOM платформасында өтті, оған Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Украина сияқты түрлі елдердің өкілдері, сондай-ақ ОҚМА докторанттары мен магистранттары қатысты.
Ташкент фармацевтикалық институтының ректоры профессор К.С. Ризаев құттықтау сөзінде медициналық білім беруде инновацияларды енгізудің өзектілігін атап өтіп, спикерлерге алғысын білдірді.
«Морфолого-анатомическое исследование лекарственного растительного сырья Saussurea Sordida Kat&Kir и Saussurea Alpine DC» тақырыбында 3 оқу жылының докторанты А.Д. Қаржаубаева, және «Морфолого-анатомическое признаки семян пажитника сенного, культивируемого в условиях Туркестанской области на участке Каскасу» атты тақырыпта 2 оқу жылының магистранты Әбілов А.А. баяндама жасады. Конференцияға қатысушылар арасында баяндама барысында біздің академия спикерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтар қойылды. Конференцияны ұйымдастырушылар біздің жас ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарына табыс тілеп, қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, 2023 жыл 25 қазанда Ташкент фармацевтикалық институтында "Фармацевтика саласының қазіргі жағдайы: мәселелері мен болашағы" атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты спикерлермен инновациялық бәсекеге қабілетті дәрілік заттарды құру үрдістері мен перспективаларын, фармацевтика ғылымы мен технологиясының негізгі проблемаларын, шешімдері мен жетістіктерін талқылау, пікір алмасу болып табылады.
Конференция барысында жас зерттеушілер арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға назар аударылды, қазіргі заманғы зерттеулердің неғұрлым өзекті бағыттары талқыланып, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жолдары белгіленді. Бұл конференция сонымен қатар әртүрлі елдердің қатысуымен ZOOM платформасында онлайн және офлайн форматта өтті.
Конференцияда ОҚМА Фармакогнозия кафедрасының II оқу жылының магистранттары өз жұмыстарын ұсынды. "Фармакогностическое исследование травы дендростеллеры колосовидной" тақырыбында II оқу жылының магистранты А.Б. Қалжан, «Товароведческое исследование семян пажитника сенного культивируемого в условиях Туркестанской области на участке Каскасу» тақырыбында II оқу жылының магистранты А.А. Әбілова, сондай-ақ «Изучение биологически активных веществ цветках расторопши пятнистой» тақырыбында II оқу жылының магистранты Маужан Ш.К. баяндама жасады.
2023 жыл 26-27 қазанда Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара Мемлекеттік медицина институтында (Өзбекстан, Бұхара қ.) "Фармакологияның өзекті мәселелері: дәрі-дәрмектерді әзірлеуден бастап оларды ұтымды қолдануға дейін" атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция гибридті (онлайн-оффлайн) форматта өтті. Конференцияны өткізудің басты мақсаты фармакология мен фармакогнозияның өзекті мәселелері, ғылыми жетістіктер мен зерттеу саласындағы инновациялық процестердің өзара байланысы бойынша ғылыми, озық тәжірибелермен, пікірлермен алмасу болды.
Конференция барысында Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі м.ғ.д., профессор Иноятов А.Ш. сөз сөйледі, содан кейін Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара Мемлекеттік медицина институтының ректоры, м.ғ.д., профессор Тешаев Ш.Ж. сөз сөйледі.
Конференцияда мынадай негізгі тақырыптар талқыланды: әртүрлі дәрілік шөптерді жинақтардың фармакологиялық әсері, дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық зерттеу, фитожинақтарды клиникаға дейінгі зерттеу.
Конференция барысында ІІІ оқу жылының докторанты А.Д. Қаржаубаева «Определение товароведческих показателей растений Saussurea alpina DC.» тақырыбында баяндама жасады. Конференция модераторы баяндаманың өзектілігін атап өтіп, жас ғалымдардың халықаралық конференцияларда зерттеу нәтижелерін баяндауы өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс тіледі.
Барлық конференциялар жоғары деңгейде өтті, фармацевтикалық білім беруді реформалау бойынша өзекті мәселелер, өнеркәсіптік фармация, фармацевтикалық қызметті басқару мәселелері және дәрілік саясаттың басым бағыттары, дәрілік заттардың сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау, жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу және т. б. талқыланды. Жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары проблемалық мәселелерді талқылап, фармацевтикалық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық жоспарларға қол жеткізу үшін жаңа ынтымақтастық құра алды.