ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы мен «Қыран» ұйымының мүшелері өткізген «Қарттарым – асыл қазынам » тақырыбында тәрбие жұмыстары жайында есебі

2024 жылдың 29 наурыз күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы және «Қыран» ұйымының мүшелері Шымкент қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған ТОЖҚҮ және ӘӘБ-ның «N2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не барып «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында қайырымдылық шарасын өткізді. Тағдырдың талқысына түскен қарттарға мейірімділік танытып, қамқорлық көрсетуге талпынған кафедра оқытушылары мен ұйым мүшелері аталған мекемедегі қарттардың көңілін, халдерін сұрап, жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесіп, апарған азық-түлік өнімдерін, яғни қайырымдылық көмегін тапсырып қайтты. Қарттар үйінің басшысы: «Кафедра ұжымы әр кез осы мекемеге қарайласып, қол ұшын беріп тұрады. Бүгін де міне, өте бір сауапты іс атқарып отыр. Кафедра ұжымына осындағы қариялар да шексіз риза»,- деп шынайы алғысын білдірді. Шара соңында кафедра оқытушылары қариялардың көңілін аулап концерттік іс-шаралар көрсетті. қариялар да ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтып жатты. Қарттар үйінің қызметкерлері де өз тараптарынан алғыстарын жеткізді.

02.04.2024, 15:36
260 қаралым