«ОҚМА» АҚ «Көз аурулары ғылыми-зерттеу институтымен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде АҚ «ОҚМА» мен республикалық көз аурулар ғылыми-зерттеу институты арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар білім беру, ғылыми зерттеу және денсаулық сақтау салаларындағы өзара ынтымақтастықты қолдауға келісті . Бұл бірлестік зерттеу жобаларын және бірлесіп ғылыми жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын оқыту бағдарламалары, семинарлар, конференциялар туралы ақпарат алмасуды көздейді.
Оқу зертханаларын, кітапханаларды және басқа да ресурстарды өтеусіз негізде бірлесіп пайдалануға мүмкіндік бере отырып, тараптардың кез келгені бірлескен нақты ғылыми-техникалық жұмыстардың бастамашысы бола алады.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Мырзабек Мырзашұлы мен көз аурулар ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Алдашева Нейля Ахметқызы адал серіктестік пен бір-бірінің мүддесін қорғау негізінде бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті.
Меморандумға қол қою кезінде Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, емдеу мекемелерінің, медициналық клиникалар мен фармацевтикалық компаниялардың бірінші басшылары, сондай-ақ медициналық қоғам өкілдері қатысты.

19.11.2021, 16:47
405 қаралым