ОҚМА «Акушерлік және гинекология» кафедарасында 03.09-04.09.24ж. «Отбасын жоспарлау» және «Саналы түрде ата-ана атану» тақырыптары бойынша жоспардан тыс тәрбие сағаты түріндегі іс-шараның есебі.
Қатысқандар: «Акушерлік және гинекология» кафедарасының оқытушылар, В-ЖМҚА-03-21, В-ЖМҚБ-03-21, В-ЖМҚА-04-21, В-ЖМҚБ-04-21.
03.09-04.09.24ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Акушерлік және гинекология» кафедрасында жалпы медицина факультетінің 4-курс білім алушылары арасында «Отбасын жоспарлау» және «Саналы түрде ата-ана атану» тақырыптары бойынша, жоспардан тыс тәрбие сағаты түріндегі іс-шара өткізілді.
Кіріспе сөзін кафедраның аға тәлімгері Акбердиева Гульмира Орынбековна сөйледі. Бұл мәселелердің маңыздылығын айтып кетті.
Іс-шара барысында, В-ЖМҚА-03-21 тобының студенті Ахвердиева Аида «Отбасын жоспарлау» тақырыбы аясында білім алушыларға баяндама жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстың мақсаты: студенттерге жанұя құрудағы жауапкершілікті сезіну, жоспарсыз жүктіліктің алдын алу, кездейсоқ жыныстық қатынасты алдын алу және контрацепция әдістерін түсіндіру.
Келесі баяндаманы «Саналы түрде ата-ана атану» тақырыбы бойынша, В-ЖМҚБ-04-21 тобының студенттері жүргізді. Бұл жұмыста жастарға жүктілікке дайындықты және оны дұрыс жүргізу, сондай-ақ, отбасын жоспарлау маңызы туралы ақпарат берілді. Білім алушылармен жасөспірімдерге қарым-қатынас,жыныстық және репродуктивті денсаулық мәселелерінде барынша сауатты болуға көмектесетін мәлімет алмастырылды.
Білім алушылар мұқият тыңдап, баяндамалардан кейін сұрақтарын қойып толық жауаптар ала алды.