Оңтүстік – Қазақстан медициналық академиясының Фтизиопульмонология және радиология кафедрасында Халықаралық туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференция өтті

2022 жылдың 17 наурызында Фтизиопульмонология және радиология кафедрасы Халықаралық туберкулезге қарсы күрес күніне арналған "COVID-19 пандемиясы жағдайындағы Туберкулез мәселелері" тақырыбында конференция өткізді. Конференцияда алғы сөзді кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Лаззат Татибековна Касаева және доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Айгүл Орынбасаровна Серғазина, ассистент, жоғары санатты радиолог дәрігер Алуа Агитаевна Сеитова сөйледі. Конференцияға кафедраның префессорлық-оқытушыларқұрамы, бірінші оқу жылының пульмонологтар мен радиологтар резиденттері, жалпы тәжірибелік дәрігер интерндері, облыстық фтизиопульмология орталығының дәрігерлері қатысты.

Конференцияда келесі резиденттер баяндама жасады:
1. Набатбек А. Д. "СOVID-19 пандемиясы кезінде туберкулезді диагностикалаудағы қиындықтар".
2. Мауленов М.С. "Пульмонологиялық тәжірибедегі ковидтен кейінгі синдром".
3. Алтынбек А. К. "Туберкулез диагностикасыныңжаңамүмкіндіктері".
4. Жапатай Ж.А. "COVID-19 пандемиясыкезеңіндетуберкулездіемдеуерекшеліктері".
5. Кульпиева А. Н. "Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулез диагностикасының қиындықтары".
6. Атабай А. "СOVID-19 кезінде кеуде қуысы ағзаларының зақымдануының Рентгенсимиотикасы"
Конференция барысында ересектер мен балалардағы COVID-19 пандемиясы кезінде туберкулезді диагностикалау және емдеу мәселелері талқыланды, нақты ұсыныстар берілді, аудиториямен кері байланыс жүргізілді. Қатысушылар баяндама материалдарын қызу талқылап, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
Конференция тиісті деңгейде өтті.

01.04.2022, 17:16
457 қаралым