Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Сиань медициналық университеті (Қытай) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

4-7 шілде аралығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бастаған делегацияның ҚХР, Сиань қаласына сапары өтті. Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған "Өзара әріптестік" туралы Меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыстар орнату және тәжірибе алмасу болды. Екіжақты қатынастарды дамытудағы сабақтастықты іске асыру үшін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Сиань медициналық университетімен (бұдан әрі – СМУ) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
СМУ – дарындықты дамыту және оқыту, ғылыми зерттеулер, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік қызметтер үйлестірілген дамыту орталығы болып табылатын оқытуға бағытталған жоғары медициналық мекеме. Ашық білім беру тұжырымдамасын ұстана отырып, СМУ шетелдегі бірқатар серіктес университеттермен жемісті білім беру және ғылыми-зерттеу алмасуларын және ынтымақтастықты жүзеге асырады. Сонымен, теңдік пен өзара сыйластық негізінде ОҚМА мен СМУ арасында Меморандумға қол қойылды, оның мақсаты екі тарап арасында білім беру, оқыту, ғылыми зерттеулер мен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады. Меморандумға сәйкес тараптар арасында бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми конференцияларға, форумдарға, практикумдарға қатысу үшін сапарлар, мәдени алмасу және тағы басқа іс-шаралар жүргізілетін болады. Қытай тарапы үшін бұл ынтымақтастық тарихи Жібек жолы өткен елдерді біріктіретін "Бір белдеу, бір жол" жаһандық бастамасының бөлігі ретінде де маңызды.

25.07.2023, 14:18
670 қаралым