Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Шымкент қаласындағы АММИ филиалының алғашқы ректоры Есболған Тегісбаев атындағы Оқу аудиториясы ашылды

Бүгін фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының құрылғанына 40 жыл толуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Фармацевтикалық ғылым мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында Есболған Тегісбаев атындағы жаңа оқу аудиториясы ашылды.

- Кезінде Алматы мемлекеттік университетінің Шымкенттік филиалына оқуға түсу ұмытылмас оқиға болып саналды. Бүгін біз дарынды басшы, Қазақстанның фармацевтикалық ғылымы мен білім беру ұйымының ұйымдастырушысы, ЖОО - ның бірінші ректоры, профессор Есболған Тегісбаевқа құрмет көрсетеміз, - дей келе «ОҚМА» АҚ құрылтайшысы облыстық мәслихат депутаты С.С. Сейітжанов дәстүрлі қызыл лентаны кесті - Айтулы оқиға фармацевтикалық және медициналық бейіндегі мамандарды даярлау деңгейінде көрініс табатынына сенімдімін. Жасыратыны жоқ, бізде үлкен ой бар - бұл көпбейінді аурухананың ғана емес, Қазақстанның оңтүстігіндегі фармацевтикалық зауыттардың құрылысы.

Ректор, профессор М.М. Рысбеков профессор-оқытушылар құрамы білімдері тоғысқан үлкен команда ретінде еңбек ететінін атап өтті.
Алғашқы түлек Әлжігіт Тұйғынбек білім беру кеңістігінде жаңа жеңістер тіледі.

Дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Сағындықова Е.Т.Тегісбаевпен бірге 10 жылдай жұмыс істеп, ғалымның үшінші мыңжылдықтағы көзқарастарының ауқымын бағалады.

Ғылыми – практикалық конференцияны ұйымдастырушы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор С.К. Ордабаева Есболған Тегісбаевтың бірегей еңбегін сақтаудағы тарихи іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне жоғары оқу орны мен кафедра құрылуының бастауында тұрған алғашқы түлектер, ардагерлер, студент жастар қатысты.
Күннің екінші жартысында онлайн форматта ZOOM алаңында спикерлер ғылыми-практикалық конференцияда баяндамаларымен сөз сөйледі. Конференция материалдары жарияланады.

04.11.2021, 00:21
789 қаралым