Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының докторанттары Краков(Польша) қаласында тағылымдамадан өтті
29 маусымда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының докторанттары М.И.Асылбек пен Б.А.Перменов Ягеллон университетінің Краков ауруханасы базасында өткен тағылымдамасы аяқталды. Ягеллон университеті, Еуропадағы ең көне және ең беделді оқу орындарының бірі. Жақында өткен ғылыми сапар медицинаның маңызды аспектісіне: қарқынды терапия бөлімшелерінде (ЖБО) ерте оңалтудың тиімділігі атты тақырыпта өтті. Ягеллон университеті қатаң зерттеулер мен клиникалық сынақтар арқылы осы салаға белсенді түрде үлес қосып отыр.
Тәжірибе барысында докторанттар реанимация және реабилитация бөлімінің жабдықталуымен және жұмыс істеу принциптерімен, ғылыми кеңесші-асс. профессор Олена Зимба онда реабилитация бөлімінің меңгерушісі Марта Лишнякпен және реабилитологтар тобымен кездестіріп таныстырды. Сондай-ақ реанимация бөлімінің меңгерушісі- ЭКМО-маманы Томаш Дригалскимен таныстырды. ЭКМО- бұл жасанды желдету арқылы дәстүрлі терапия ағзалар мен тіндерде қайтымсыз өзгерістер дамымайынша, жасанды желдету тиімсіз болған кезде жедел ауыр тыныс жеткіліксіздігі бар науқастарға көрсетілген. Ауруханада ЭКМО әдісі сәтті қолданып жатқандығын айтып өтті. Бұл ауыр тыныс алу және/немесе жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын, жүрек пен өкпенің функцияларын уақытша орындайтын, органдардың қалпына келуіне мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Сонымен қатар күн сайын науқастарды тексеруге, дәрігерлердің лекциялары мен семинарларына қатысып, онда қызықты клиникалық жағдайлар талқыланды. Сондай-ақ, ғылыми кеңесші асс.профессор О.Зимба және профессор Гаспарян А.Ю-мен докторанттардың диссертациялық жұмысының мәселелері талқыланып, ғылыми қызметтегі алдағы мақсаттар мен міндеттер талқыланды