«ONTUSTIK INVEST» ФОРУМЫНДАҒЫ ФАРМКЛАСТЕРДІҢ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ

Шымкентте Халықаралық инвестициялық форум өтті. Біріншісі осыдан екі жыл бұрын өтіп,  30 мемлекеттен қатысушы жинаса, екіншісі  де  -  қол қойылған келісімдер мен меморандумдар бойынша өз ауқымдылығымен кем түспеді. Облыс әкімі кешке форум қорытындысын жасай келе 2,5 млрд. долларға меморандумдарға қол қойылғаны жайлы атап өтті.

778 1 1

Төрт панельдік сессия  машинақұрылыс, агроөндірістік кешен,  мақта-мата кластерге арналды. «Оңтүстік Қазақстанда фармацевтикалық кластердің даму болашағы» атты панельдік сессияны  ОҚО кәсіпкерлер Аумақтық палатасының  медицина және фармацияны дамыту бойынша комитетінің төрағасы, ОҚМФА  проректоры Б.К.Нұрмашев жүргізді.

Егер 2015 жылға дейін фармөндірісте дәрілік препараттардың экспорты байқалса,  2015 жылдың 6 айы ішінде ол 18 пайызға қысқарды.

Қазақстандағы өндірілетін фармацевтикалық өнімнің 53 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының, оның ішінде «Химфарм» АҚ үлесінде. Былтырғы жылдың маусым айында бизнес-қауымдастық еліміздегі алғашқы  «ОҚО фармацевтикалық кластеры» ассоциациясын құрды, ол тек фарминдустрия өкілдерін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ларын, медициналық ұйымдарын біріктіреді. Өз қатарында дайын дәрілік құралдардың  80-90 пайызын шығаратын 5 мың маман бар. Фармкластердің басымдылығы салада жоғары технологиялар өндірісті дамыту болып табылады. ОҚМФА ғылыми лабораториялар базасында жаңа дәрілік құралдардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынағы зерттеу нысаны болып табылады.

Сессияда қатынасқан отандық және шетел инвесторлары мен  фармкомпанияларына еліміздің фармацевтикалық нарығына кіру оңайға түспейді. Осы жайлы ОҚО медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің директоры Л.Р.Кашкымбаева айтып өтті және халықаралық тәжірибеге сәйкес, GMP,GDP,GPP енгізуге әрекет жасайтынын баяндады. Фармацевтикалық сектор дәрілік құралдарға баға құраудан ғана тұрмайды, ол сапаны жоғарылату және азаматтардың барлық категориясының дәрілік қамтамасыздығының қолжетімділігінен тұратын болады.

778 2 2

2018 жылдан GMР міндетті талабы енгізіледі. Нарықта екі жылда табыстылығын растаған фармкомпаниялар ғана қалады, олар өндірісті халықаралық стандартқа ауыстырулары қажет.  Ал  2015 жылдың 1 қантарынан бастап жалған ДҚ өндіру және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Қазақстан Medicrime Конвенциясына қол қойды. Барлығы  Қазақстанда фармқызметтің 12 271 объектісі тіркелген, оның ішінде жеке меншік формасындағы объектілер - 11488 (94%), оның ішіндегі кіші кәсіпкерлік субъектілерін 76% құрайды. GMP саласында белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық инспекциялық органдар (РIC/S) халықаралық ұйымына кіру № 752, 2014 ж. 30 маусымындағы ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген 2014 - 2020 жылдарға арналған Қазақстанның әлемнің 30 дамыған мемлекеттері қатарына кіру жоспарының 6 тармақшасына сәйкес жасалынды. PIC/S – фармацевтикалық инспекциясының халықаралық ынтымақтастық жүйесі.

Елімізде Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр(ҚҰФ) құралуда, ол Ұлттық формулярлік тізімнің соңғы үлгісіне енгізілген және Британ Ұлттық Формулярына кіретін Қазақстан республикасында тіркелген дәрілік құралдардан тұратын анықтамалық материалы бар қор болып табылады. Ол дәрілік құралдар бойынша анықтамалық ақпараттың алтын стандарты – Британдық ұлттық формуляр (БҰФ) принциптеріне негізделінеді, соның негізінде БДСҰ модельдік формуляры жасалынды.

«КИРИ» АҚ қолдау Құрал  орталығы департаменті директоры Бексаринова Гульнар Сакеновнаның баяндамасы сессия қатысушаларының  қызығушылық тудырды. Кәсіпорында оқытуды жүргізу үшін шетел мамандарын қалай қамту керек? Кәсіпорынның өз мамандарының оқыту төлемақысын қалай төлеу керек? Шынында да, өз маманын 1-ден 3 миллион теңгеге дейін оқыту, ал шетел маманына 5-тен 9 миллион теңгеге дейін шығын жасау оңайға түспейді. Бюджетті толықтыру берілген құралдар көмегімен жасауға болады, бастысы – өтініш беру және «КИРИ» АҚ- мен іскер хат байланысын жүргізу. Мемлекеттік қолдау ережелері  9.12.2015 жылғы №1194 құжатпен реттеледі. Осы жайлы нақты ақпаратты www.kidi.gov.kz. сайтынан білуге болады. Шығындардың 50 пайызы өтелінеді. Келісімде  табыстылықты және еңбек өнімділігін жоғарылату нақтыланады. 2016 жылға 524 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінген, 2017 жылға– 500 млн.тг.

Сондай-ақ, сессияда Santo компаниясының  (Польша) зерттеу және өңдеу бойынша  директоры Данаил Дончев баяндама жасады.

Оңтүстік Қазақстанда фармацевтикалық кластердің даму болашағы бойынша панельдік сессиясы көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

«Ontustik  Invest - 2016» - кәсіпкерлер, мемлекеттік орган және ұлттық компания өкілдері үшін диалогтық алаңша болды. Іс-шарада бизнес-қауымдастық, дипломатиялық  миссия, халықаралық ұйымдар, даму институттары өкілдерінен 600- ден астам адам қатысты.  

Форум аясында «Ontustik  Tourism Center» туристтік ақпараттық орталығы ашылды.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА,  ОҚМФА ғылыми журналының редакторы.

05.05.2016, 23:45
424 қаралым