Онкүндік «Өз өміріңді бояулармен түрлендір!»

2016 жылдың  8-17  ақпан  аралығында  ОҚМФА жастар денсаулық орталығының басшылығымен  «Қазақ тілі және латын тілі», «ФГЗ және химия», «Терапиялық пәндер», «Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі», «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару», «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология», «Хирургиялық пәндер», «Педиатрия және балалар хирургиясы», «Дәрілер технологиясы», «Орыс тілі» кафедраларында  студенттердің  қатысуымен  кураторлық  топтарда  күйзелістің алдын алу мақсатында  «Өз өміріңді бояулармен түрлендір!»  атты тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілді.

715 1

715 2

 

Күйзеліс деген не?

Күйзеліс – өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған ағзаның қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.

715 3

Іс-шара барысында студенттер күйзелістерге жиі түсетіндерін талқылады. Күйзелістен шығуы олардың мінезі мен қызуқандылығына тікелей байланысты. Бірақ көбінесе күйзелістен шығу жолдары екеу: онымен күресу немесе күрестен бас тарту.

715 4

715 5

Дөңгелек үстелдер  барысында студенттер медитация және аутотренинг, демалыс, ыстық шоколад, ыңғайлы орындық, сүйікті кітап, спорт, түс, табиғатпен қарым-қатынас, бөлме гүлдері күйзелісті жоюға және баяу әндер күйзеліспен күресуге көмектеседі деген қорытындыға келді.

17.02.2016, 03:53
494 қаралым