«ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА - КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРДЫҢ НЕГІЗІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2023 жылдың 7 желтоқсанында фармакогнозия кафедрасының ұйымдастыруымен "Өндірістік практика - кәсіби дағдылардың негізі" атты өндірістік практика қорытындысы бойынша халықаралық әдістемелік конференция өтті. Халықаралық әдістемелік конференция гибридтік форматта, яғни оффлайн және онлайн түрінде өтті.
Конференция алды сәлемдесу сөзді фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.к., профессор м.а. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна алды ОҚМА АҚ (Шымкент қ.); келесі құттықтау сөздер фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технологиясы кафедрасының меңгерушісі фарм. ғ. докторы, профессор Коновалов Дмитрий Алексеевичке ПМФИ (Пятигорск қ); фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.к., доцент Мұраталиева Анарбу Джапаровнаға ҚММА (Бішкек қ.) берілді.
Конференция қонақтары ретінде «Шетелдік ғалымды шақыру» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықпен келген фармакогнозия ботаника курсымен және фитотерапия негіздері кафедрасының профессоры, фарм. ғ. докторы Пупыкина Кира Александровна (Уфа қ.) БММУ, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д.,доцент Фарманова Нодира Тахировна ТашФарМИ (Ташкент қ.) қатысты. Сонымен қатар, фарм. ғ.к., , доцент м.а., Өмирөлі М. А., х.ғ.к., аға ғылыми қызметкер Кемелбеков У.С., практика маманы Ержанова Жанэль Нышанәліқызы, кафедра оқытушылары мен 3,4 курс студенттері қатысты. Конференция модераторы-аға оқытушы Ибрагимова Зәуре Ергараевна.
4 курс студенттері Есеналі С. Г. және Мақсат М. М. «Академиялық ұтқырлық және ПМФИ (Пятигорск қ.) базасындағы 3 курс студенттерінің өндірістік тәжірбиесі» тақырыбында баяндама жасады.
Өндірістік практиканың мақсаты - Солтүстік Кавказ флорасының дәрілік өсімдіктерінің өсу жағдайларымен және экологиясымен, ботаникалық бақта өсімдіктерді өсіру мүмкіндіктерімен танысу және көптеген өсімдіктерді мәденилендіру тәжірибесін зерттеу болып табылады. Қорлары шектеулі, аз таралған дәрілік өсімдіктердің түрлерін енгізу.
Студенттер Ставрополь өлкесінде фармакогнозия бойынша практикадан өту туралы өз әсерлерімен бөлісті және Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтында өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік бергені үшін академия басшылығына алғыстарын білдірді.
«Академиялық ұтқырлық және И.К. Ахунбаев атындағы ҚММА (Бишкек қ.) базасындағы 3 курс студенттерінің өндірістік тәжірбиесі" тақырыбында 4 курс студенттері Көбей Б.Е., Серікбаева М. Д. алған тәжірибелері мен практикалық дағдылары туралы айтып, ОҚМА ректоры медицина ғылымдарының докторы, профессор М.М. Рысбековке, фармация факультетінің деканатына, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі К.К. Орынбасароваға, (Қырғызстан қ.) ҚММА ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор И.О. Кудайбергеноваға алғыстарын білдірді.
Өндірістік практиканың мақсаты: жабайы және мәдени дәрілік өсімдіктер туралы теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, білімді қалыптастыру, дәрілік өсімдік материалдарын дайындау, сақтау, өңдеу және олардың ресурстарын қорғау бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру.
Қасқасу және Ынтымақ базаларында ботаника және фармакогнозия бойынша оқу-далалық практикасы жайында 4 курс студенттері Ғалымқызы Д. және Незванова Е. баяндама жасады. Қасқасу базасы тек ОҚМА студенттері үшін ғана емес, сонымен қатар "Астана медицина университеті" КеАҚ және И.Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының студенттері үшін де практикадан өту орнына айналды.
Өндірістік практиканың мақсаты: жабайы және мәдени дәрілік өсімдіктер туралы теориялық білімді меңгеру және бекіту, дәрілік өсімдіктерден алынатын өнімдерді пайдалануды және олардың ресурстарын қорғауды негіздей отырып, дәрілік өсімдік материалдарын сатып алу, сақтау және өңдеу бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.
Сонымен қатар, 6 маусымда Қасқасуда орналасқан дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және қайта өңдеу жөніндегі оқу-кәсіптік базаға одан әрі ынтымақтастық мақсатында Корея өкілдерінің сапары өтті.
Өндірістік практиканың соңында студенттер келесі практикалық дағдыларды меңгерді:
- морфологиялық белгілерге сүйене отырып ДӨ және ДӨШ анықтау
- мүмкін болатын дәрілік қоспаларды нықтау.
- әртүрлі тіршілік формаларының өсімдіктерінің гербарийлері (ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер).
- әртүрлі морфологиялық топтағы дәрілік өсімдік материалдарын жинау, алғашқы өңдеу, кептіру және таңбалау.
- Дәрілік өсімдік материалдарына фармакогностикалық талдау жүргізу.
- Дәрілік өсімдік материалдарын дұрыс сақтау, буып-түю, таңбалау және тасымалдау.
Өндірістік практиканың нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін бекітіп, ғылыми зерттеу саласында дәрілік өсімдіктерді зерттеу дағдыларын қалыптастырды.