Қолында дипломы бар: ОҚМА фармацевт-түлектері үшін сұраныс, перспективалар және шындық

22.05.2021 ж ОҚМА фармацевтика факультетінің студент -түлектері "Зерде-Фарма" компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуге "Зерде-Фарма" ЖШС директоры Тоғысбаева Гүлжан Бекжанқызы, кадр бөлімінің маманы Асқар Индира Асқарқызы, фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.д., профессор К.Д. Шертаева, ФІҰБ кафедрасының доценті м.а., PhD докторы Г.И.Утегенова қатысты.

1705 1

К. Д. Шертаева бүгінгі таңда студенттердің алдында білім алу ғана емес, сонымен қатар білім мен дағдыларды тәжірибеде тиімді қолдана білу, уақыттың жоғары талаптарына сәйкес болу, еңбек нарығында сұранысқа ие болу міндеті тұрғанын атап өтті. Сондықтан кәсіби іске асыру, жұмысқа орналастыру және түлектердің мансабын қадағалау ОҚМА стратегиялық жоспарының басым бағыты болып табылады.

Жұмыс берушілермен кездесуге үздік студент- түлектер- Кочкарова Диана, Лайнопуло Алина, Кобен Айнура, Дәуренбекова Нуриля, Аманбаев Бекзат, Маденова Айнель, Сакбаев Ернар және т. б. шақырылды.

1705 2

Бүгінгі таңда "Зерде-Фарма" - желісінде 80-нен астам дәріханалық ұйымдары бар, ҚР аумағындағы ірі дамушы компаниялардың бірі. "Зерде-Фарма" ЖШС директоры Тоғысбаева Гүлжан Бекжанқызы: "Сату рейтингі бойынша біз нарықта табысты дамып келе жатқан ірі фармацевтикалық компаниялардың бестігіне кірдік", - деп атап өтті.

Кадр бөлімінің маманы Асқар Индира Асқарқызы студенттерді жұмысқа орналасуға қойылатын негізгі талаптармен таныстырып, алдын ала түлектер тестілеуден өтіп, содан кейін әңгімелесуден өту керектігін атап өтті. Ол ОҚМА фармацевтика факультетінің түлектері "Зерде-Фарма" дәріханалар желісінде сұранысқа ие, мықты білім мен қажетті дағдыларға ие екенін атап өтті. Олардың көпшілігі табысты мансап жасады, тек Шымкентте ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларында дәріханаларды басқарады.

Сөз соңында "Зерде-Фарма" ЖШС директоры Тоғысбаева Гүлжан Бекжанқызы фармацевтика факультетінің түлектерін "Зерде"дәріханалар желісіне жұмысқа шақырды.

26.05.2021, 06:38
500 қаралым