Қолданбалы бакалавриат бойынша мастер - класс
31.10 – 4.11.2016ж. Алматы қаласында Республикалық медициналық колледж базасында «5-ші семестрдегі компетентті тәсіл негізінде педагогикалық кадрлардың әлеуетін арттыру: Мейірбикелік білім беру саласындағы қолданбалы бакалавриаттың диплом жұмысының үрдісі» тақырыбына мастер – класс өтті.
«Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасынан жүргізілген мастер-классқа ассистенттер Султанова Жанат, Оразбаева Эльанора, оқытушы Серикова Бағдат қатысты. Мастер-классты JAMK қолданбалы ғылым университетінің (Финляндия) Ph.D., медицина ғылым магистрі Сирпа Туоми өткізді.
Сирпа Туоми JAMK- тан мысал келтіріп, Финляндияда мейірбике білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейдегі, соның ішінде, қолданбалы бакалавриаттың деңгейінде дипломдық жұмысын жазу, бағалау үдерісі туралы баяндады. Идеясы, дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту мен аяқталуына дейін үдерісі көрсетілген. Дипломдық жұмыс жазуда тек студент, оның ғылыми жетекшісі, ғылыми кеңесшісі ғана емес, сонымен қатар, тәлімгері мен топ студенттері қатысады.Семинар ретінде топтық кеңестер өткізіледі.
Мастер – класста келесі тақырыптар талқыланды: қолданбалы бакалавриатта диплом жұмысының тақырыбын таңдау, ғылыми жетекшіні тағайындау, қолданбалы бакалавриаттың дипломдық жұмысына кіріспе, дипломдық жұмысының мазмұны және құрылымы, дипломдық жұмысты жазудың реттік талабы, презентация және бағалау, зерттеуді орындаудың ережесі, ғылыми жетекшінің рөлі, дипломдық жұмыстың әзірленуіне топтастарының рөлі, бағалау белгілері және бағалау, әртүрлі базадағы мәліметтерді жүйелі іздеу,семинарларды жүргізу кестесі. Семинарға қатысушылар қолданбалы бакалавриаттың ғылыми жетекшілеріне нұсқаулық зерттеп дайындады.