Қолданбалы бакалавр бағдарламасы бойынша мастер-класс
3.04. – 7.04.2017 уақыт аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық жоғары медициналық колледжінде», «Дипломдық жұмысты орындау, қорғау алды және қорғау. Мейірбике ісіндегі зерттеу әдістемесіне фокус» атты тақырыпта мастер-класс өтілді.
Семинарға «Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасынан» асистент - Ходжакулова У.А. және оқытушылар – Серикова Б.Д. және Исабаева Г.Ж. қатысты. Семинарды лектор Шалхарова Жанар Сайлаубекқызы жүргізді.
Бұл семинарға келесі колледждердің өкілдері қатысты: «Астана қ. Денсаулық сақтау Басқармасының медициналық колледжі», Алматы қаласының «Республикалық жоғары медициналық колледжі», Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік мекемесінің «Талғар медициналық колледжі», «Талдықорған медицина колледжі», «Батыс – Қазақстан жоғары медицина колледжі», «Кызылорда жоғары медициналық колледжі», «Түркістан медициналық колледжі», «Түркістан көпсалалы медициналық колледжі», «Шымкент медицина колледжі», «Қарағанды едицина колледжі», «Көкшетау медицина колледжі».
Бұл семинар келесі бөлімдерден тұрды: Дипломдық жұмысты орындауда, қорғау алдында және қорғауда ғылыми жетекшінің ролі. Жоғары медициналық колледждердің ғылыми бағыты мен диплом жұмысы тақырыбының сай келуі. Сандық және сапалы зерттеу әдістеріне түсінік. Зерттеу сұрағын құрастыру. Интернетте ақпарат іздеу. Зерттеу дизайнының түрлері. Сандық және сапалы зерттеу әдістеріне үлгі және анкета сұрақтарын сараптап, жасап шығару. Дипломдық жұмыста тезис, баяндамаларда зерттеу жұмысының нәтижесінің негізгі қағидаларын көрсету.