Олар балғын жас болды, шын жүректен сүйетін, өзіне берік сенетін

2016 жылдың 18 қазан күні ОҚМФА жастар саясаты бөлімі мен фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының тәлімгерлік топтары Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер үйі» медициналық-әлеуметтік ұйымымен бірге Халықаралық қарттар күніне орай қалалық деңгейде қайырымдылық концертін өткізді.

840 1

Халықаралық қарттар күні 1991жылдан бастап, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша атап өтіле бастады. Біз әр жыл сайын алтын күз қарсаңында барлық күш жігері мен білімін, денсаулығы мен жастығын  жас ұрпаққа өзінің халқына арнаған қарттарымызды ардақтап, мерекелерін атап өтеміз.

Тәлімгерлік сағаттың мақсаты - өсіп келе жатқан жас ұрпақ пен қарттар арасында дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкендерге құрмет көрсетуді, қамқорлық көрсетіп және жауапкершілікпен қарауға үйрету.

ОҚМФА жастар саясаты бөлімінің маманы Ж.О. Қамбарова және фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті А.Д. Серікбаева өз алғысөзінде қарияларымызды  Қарттар күнімен құттықтап, олардың біздің елімізге сіңірген еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.

Концерттік кеште академиямыздың белсенді студенттері өнер көрсетіп өз үлестерін қосты, олардың әндерінде үлкендерге деген құрмет және оларға қамқорлықпен қарайтыны байқалды.

840 2 1

Көрермендерге студенттердің көңіл оятар халықтық билері өте ұнады. Студенттердің дайындаған бағдарламасы қариялардың көңілдерінен шығып, өздері де ортаға шығып, жастық шақтарын, студенттік кездерін еске алып, ортада би билеп, ән айтты.

840 3

Концерттік бағдарламаның нөмерлері аға буынға өте ұнады. Көрермендер студенттерге ақсақалдардың бата беруін сұрап, ақ-тілектерін білдірді. Сонымен қатар, «Ардагерлер үйінде» демалушыларға ұйымдастырушылар өздерінің естелік сыйлықтарын табыстады. Қариялар қауымы осы ұйымдастырылған кешке көңілдері толып, өмірлеріне шуақ пен қуаныш сыйлаған студенттерге өз алғыстарын білдірді.

840 2 2

25.10.2016, 06:08
534 қаралым