Оқу процесіне дәлелді медицина принциптерін енгізу

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дәлелді медицина бөлімі зерттеу құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында 19.12.2019ж.-20.12.2019ж аралығында магистранттар арасында, 15.01.2020ж. -22.01.2020ж. аралығында резиденттер арасында «Медициналық ақпаратты халықаралық электрондық ресурстардан іздеу әдістемесі» атты семинар өткізді.

1504 1

Семинардың мақсаты: ақпаратты іздеу әдістемесінің негіздерін үйрету, клиникалық қызметте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. Семинар бағдарламасына келесілер кірді: халықаралық медициналық ғылыми зерттеулер практикасында биостатистиканың заманауи әдістерін қолдану, клиникалық зерттеулердің иерархиясы және жобалау; сенімді көздер мен ресурстар; ақпаратты іздеу стратегиясы; алған білімдерін сыни бағалау. Дәрістер барысында алынған ақпарат Интернеттен ақпарат іздеу және ұсынылған ғылыми медициналық басылымның сапасын бағалау бойынша практикалық жұмыстармен бекітті. Сабақтарда магистранттар мен резиденттер электронды деректер базасында ақпаратты табу дағдыларын игерді: Pubmed (U.S.Nationall Library of Medicine), Кокран кітапханасы (Cochrane Collaboration), WebofScience (ThomsonReuters), Scopus (Elsevier) атты шетелдік электрондық ақпараттық ресурстармен, сонымен қатар Dari.kz, Druginfo.kz. сайттарында жұмыс істеу бойынша оқу өткізілді. Студенттердің өзіндік жұмысы жеке орындалған тапсырмалар түрінде ұйымдастырылды.

Семинарды дәлелді медицина бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ахмадиева К.Е., маман Мамытова Д. М., Юлдашева Ш.М., Садыкова Л.А. өткізді. Семинардың тиімділігін бағалау үшін кері байланыс әдісі қолданылды: кіріс-шығыс кезінде сауалнамалар жүргізілді. Барлығы 24 магистрант және 75 резидент қатысты. Осы семинардың қорытынды бағасы алынған білім мен дағдылардың практикалық құндылығын көрсетті.

14.02.2020, 06:30
229 қаралым