Оқу-өндірістік тәжірибе – теориядан тәжірибеге

 ҚР ДСМ № 774 24.11.2009 ж. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар жіктемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және «Фармация» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС (2013 ж.) сәйкес фармацевтикалық факультетының бітіруші түлектері мемлекет және фармацевтикалық нарық талабын ескере отырып, токсикологиялық зертханаларда химик-сарапшы қызметінде жұмыс істей алады. 

586 1 1

Фармацевтикалық факультетте студенттер міндетті компонент-токсикологиялық химияны, сонымен қатар «Биоаналитикалық химия және токсикология» және «Есірткілер және девиантты тәртіп» және т.б. элективті пәндер өтеді. Оқу бағдарламасының қорытынды сатысы «Аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптама» оқу-өндірістік тәжірибесі болып табылады.

586 2 2

Ағымдық оқу жылында оқу-өндірістік тәжірибе өту базалары ҚР ӘМ РГКП «Сот медицина орталығы» (Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент), сонымен қатар үздіксіз білім беру Қазақ медицина университетінің  токсикологиялық бөлімінде (Алматы) және Т. Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталықтары (ОГОО) болды.

586 3 3

Практиканттар тәжірибе бағдарламасын толық көлемде орындады. Оқу-өндірістік тәжірибе өту барысында студенттер улы және күшті әсер етуші заттармен өткір уланудың сот-медициналық сараптамасы және аналитикалық диагностикасы саласында теориялық және оқу-тәжірибелік оқытуларының нәтижелерін бекіте түсті

586 4 4

Бағдарлама шеңберінде практиканттар нормативті құжаттармен, сот-химиялық сараптама бойынша зертхана жұмысының көлемі және жабдықталуымен танысты.

586 5 5

Тәжірибе өту барысында студенттер биологиялық материалдан диализбен, минерализациямен, дистилляциямен және т.б. үйлескен экстракция және сорбция, сумен тұндыру әдістерімен бөлініп алынған негізгі токсикологиялық заттарға химия-токсикологиялық талдаулар жүргізді. Студенттер тәжірибе базаларының жетекшілері қатысында химик-сарапшы қызметін белсенді әрі толық орындады.

586 6 6

Заманауи физика-химиялық құрылғылармен: «Agilent technologies» (АҚШ) масс-спектрлі детектормен бірге жалынды-ионизациялы жоғары эффективті сұйықтық хроматографта, «КристаллЛюкс 4000М» (Ресей) газсұйықтық хроматографта;  «Shimadzu АА 6200» (Жапония) атомды-абсорбционды спектроскопта,   «Specord 300» (АҚШ) спектрофотометрде және т.б. жұмыс істей білу дағдылары беки түсті.

586 7 7

Ескере кететін жайт, біздің студенттер база жетекшілеріне ең жақсы әсерлерді қалдыра білді, олар жоғары білімдерін, кәсіби дағдыларын көрсетті. Студенттер өндірістік тәжірибенің барлық базаларында жұмысқа ресми шақыртулар алды.

586 8 8

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және практиканттар база жетекшілеріне оқу-өндірістік процесс жағдайларын ұсынғаны және ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыстарын білдіреді:

·        СМО РМҚК Астана қ. директоры Есқұлов А.Х. және химия-токсикологиялық бөлім  меңгерушісі Жуматаева Г.С.;

·        СМО Алматы филиалы директоры Алишева А.Ж. және химия-токсикологиялық бөлім  меңгерушісі Дарикулов Б.О.;

·        СМО Қарағанды филиалы директоры Бекмаганбетов А.К. және химия-токсикологиялық бөлім  меңгерушісі Амангалиев Т.К.;

·        СМО Оңтүстік Қазақстан филиалы директоры Мурзакулов Т.С. және химия-токсикологиялық бөлім  меңгерушісі Бегишова Д.Ш.;

·        ҚазҮББМУ ректоры  Тоғызбаев Г.А. және клиникалық зертханалық диагностика каф. меңгерушісі Маймақова А.М.;

·        Т. Орынбаев атындағы ОГОО бас дәрігері Какенов С.К. және токсикологиялық зертхана меңгерушісі Морина С.Н..

586 9 9

 

10.07.2015, 04:42
767 қаралым