Оқу-әдістемелік конференция «Антибиотиктерді дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік апталығы»

Антибиотиктерге тұрақтылық бүгінгі күні жаһандық денсаулық сақтаудағы ең ірі қауіптердің бірі болып табылады. Ол әлемнің барлық бөлігінде қауіпі жоғары деңгейге дейін өседі, жұқпалы ауруларды емдеу процесінде кері әсер етеді және денсаулық сақтау мен медицинаның көптеген жетістіктерін жоққа шығарады.

15 қараша 2019 жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығына арналған кафедра аралық оқу-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияға 1-2 жылдың резидент-инфекционистері, жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының 1-ші жыл интерндері және аталған кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

1470 1

Конференцияға қатысушылар антибактериалды препараттарды жөнсіз пайдалану тенденциялары туралы мәселелерін кеңінен ашты, олардың халық арасында әртүрлі ауруларды емдеудегі бақылаусыз қол жетімділігі туралы баяндамалар жасалды, бұл антибиотиктер төзімділігіне әкеледі.

Резидент-инфекционистер осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды, медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін жадынамалар жасады.

1470 2

05-19 тобының Халмуратова Пакиза 1-ші курс резиденті, ЮКМА студенттерімен рационалды антибиотикалық терапия принциптері туралы бейне сұхбат көрсетті.

1470 3

Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

08.12.2019, 11:58
246 қаралым