Оңтүстік Қазақстанның киелі мекендері

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының тәлімгерлік топтары және академиялық ұтқырлық бойынша білім алатын БММУ-нің студенттерімен Оңтүстік Қазақстанның киелі мекендеріне саяхат ұйымдастырылды.

1123 1

Бағдарлама бойынша Қожа Ахмет Ясауидің Ұстазы мен рухани тәлімгері  -  Арыстан баба кесенесі және Укаш-ата үңгіріне  барып қайтты.

1123 2

Біздің қонақтарға Түркістан қаласы және Қазақстанның көрнекті архитектуралық ғимараттары, тимурид заманындағы архитектура үлгісіндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ерекше әсер қалдырды. Қабырғада көгілдір бояумен жазылған фрагменттер, мозаикалық өнер үлгілері, шығыс эпиграфиялық оюлары және қағидаға айналған қолтаңбамен жазылған Құранның мәтіндері ерекше таңқалдырды. 

1123 3

23.04.2018, 06:26
447 қаралым