Оңтүстік Қазақстан ЖОО-да оқытудың замануи интерактивті әдістерін қолдану тәжірибесі

ОҚМФА-ның морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасында, 2016 жылдың  29 сәуірінде профессор Д.А. Әділбекованы еске алуға арналған «Интерактивті оқытудағы заманауи технологиялар» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарда дәрістер мен тәжірибелік сабақтардағы, студенттердің өзіндік жұмысын тиімді өткізудегі интерактивті әдістердің жағдайы мен атқарылған жұмыстары туралы баяндалды.

Оқу-әдістемелік семинардың модераторы, морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Жолымбекова Л.Д. интерактивті оқытудағы заманауи технологиялар туралы өз ойымен бөлісті.

771 1

Жоғары оқу орындарындағы білім берудің қазіргі бағыты білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.   

Демек, студент білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны.  Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды анықтайды. Қазіргі таңда оқытушыға аудиторияға теориялық білім беруде өз пәні бойынша құзыреттілігі болуы жеткіліксіз. Заманауи оқу үдерісінде біршама басқаша әдістерді қолдану қажет.

Семинарды оқу-әдістемелік орталығының бастығы, ф.ғ.к., доцент А.Г.Ибрагимова ашып берді.

771 2

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Химия» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Джакипбекова Нағима Орманбекқызы «Международное сотрудничество в области науки и образования на примере образовательного визита казахстанских профессоров в ВУЗы Великобритании», «Химия» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Бекжігітова Күләш Асқарбекқызы «Тәжірибелік сабақтағы интерактивті әдістер-кейс-стади»  тақырыптарында баяндама жасады.

771 3

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасынан м.ғ.д, профессор Жұмашев С.Н., м.ғ.д, профессор Ішігов И.А., доцент Ходжаев Н.К., доцент Қамысбаев М.Ұ. келіп қатысты. Әріптестеріміз өзерінің оқу үдерісінде пайдаланып жүрген интербелсенді әдістері туралы баяндап, ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан шет тілдері кафедрасының меңгерушсі, ф.ғ.к., доцент м.а. А.С. Сайфуддинова «Оқу үдерісінде интербелсенді әдістерді пайдалану» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, қызу талқыланды.

771 4

«Интерактивті оқытудағы заманауи технологиялар» тақырыбы аясындағы оқу-әдістемелік семинарының жұмысын қорытындылау үшін медико-профилактикалық пәндер бойынша ЖӘК төрайымы м.ғ.к., доцент З.И.Бейсембеваға сөз берілді және қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, жүргізілген жұмыстары бойынша ойларын бөлісті. Семинар өте қызықты, нәтижелі өткені туралы тілектерін білдірді.

10.05.2016, 03:03
454 қаралым