ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫМЕН СЕЧЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ӨЗАРА ТИІМДІ АЛМАСУ

Осыдан бұрын ОҚМА-ның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында Сеченов университетінің студенттері өндірістік тәжірибесін сәтті өтіп кеткендерін хабарлаған болатынбыз.

Сеченов университетінің А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында біздің Академияның фармация факультетінің 5 курс студенттері кезекті өндірістік тәжірибесін өтіп қайтты.

Дәрілік заттар сапасын бақылау саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар фармацевтикалық талдау аясындағы заманауи жетістіктері бойынша мастер-кластар мен тренингтер өткізді.

1420 1

Практиканттар Ресей федерациясы Мемлекеттік фармакопеясының (РФ МФ) XIII-XIV басылымына сәйкес дәрілік заттарға фармацевтикалық талдау жүргізді. Сонымен қатар, дәрілік препараттарға РФ МФ, ҚР МФ, Америка, Жапония және Британ фармакопеялары талаптарына сәйкес салыстырмалы талдаулар жүргізілді.

1420 2

Студенттер дәрілік препараттардың сапалық және сандық анықтауын аспапты (физика-химиялық) және химиялық әдістермен жүргізіп, ары қарай талдау нәтижелерін валидациялау көмегімен анықтады. Көп компонентті дәрілік препараттарға талдау жүргізілді, ол үшін студенттер компоненттердің анықтау әдістемелерін таңдау үшін алдын-ала теориялық негіздеу жолдарын игерді.

1420 3

Сеченов университетіне қарайтын Трансляционды медицина және биотехнология Институты, сонымен қатар «Слава» Инновациялық технопарк құрамындағы Фармацевтикалық аналитика орталығының құрылымымен, практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сонымен бірге, олардың жабдықталуымен танысу қызықты өтті.

1420 4

Фармацевтикалық аналитика орталығының сынақ зертханасында Москва қаласының инновациаялық инфрақұрылымындағы ғылым мен бизнес арасындағы қарымқатынас туралы дистанционды вебинар, сонымен қатар иммуноферментті талдау, фармацевтикалық биоэквиваленттігі, хроматографиялық әдістер бойынша мастер-кластар өткізілді. Осы жерде қан сарысуындағы дәрілік препараттардың сандық мөлшерін тандемді жоғары эффективті сұйықтық хроматография және масс-спектрометрия әдістермен анықтау, ары қарай алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу бойынша студенттер тәжірибелік дағдыларын нығайтты.

1420 5

Өндірістік тәжірибенің қорытындысын практикалық дағдыларды аттестациялау, ауызша әңгімелесу түрінде және дәрілік заттар талдауы негіздері бойынша студенттерді компьютерлік тестілеумен аяқталды. Нәтижесінде, біздің студенттер фармацевтикалық химиядан жақсы теориялық дайындықтарын көрсетті, эрудиция танытып, талқыланып отырған тақырыптар мен сұрақтарға қызығушылық көрсетті, логикалық ойлау және орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша сәйкес қорытынды жасай білуді, сонымен бірге, дәрілік заттар сапасын бақылаудағы кәсіби дағдыларын меңгергендігін көрсете білді.

1420 6

Профессор С.К. Ордабаева тәжірибе алмасу аясында 3,4,5 курс студенттеріне ОҚМА-дағы модульды оқу бағдарламалары мен оқу траекториялары, ҚР дәрілік препараттар сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі жайында дәрістер оқыды.

1420 13

Оқу процесіне инновациялық технологияларды, белсенді оқыту әдістерін енгізу бойынша оқытушыларға тренингтер өткізілді, нәтижесінде Сеченов университеті оқытушылары мен студенттері оң пікірлерін білдірді.

1420 8

Кремль, Қару-жарақ палатасы, Третьяков галереясы, Сеченов университетінің медицина мұражайы, Абай ескерткіші, халық шаруашылығы жетістіктері Көрмесі (ВДНХ), драма театрда және басқа да Мәскеудің қонақжайлылығы аясында өткен мәдени іс-шаралар да қызықты өтті. Студенттер сонымен бірге, өздерінің азаматтық позицияларын танытып, ҚР Елшілігінде Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысты.

1420 9 

1420 10

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы ұжымы мен студенттер Фармация Институтының директоры, профессор Г.В. Раменскаяға, халықаралық қатынастар Басқармасының бас маманы Л.Н. Вихроваға, сонымен қатар фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушыларына өндірістік тәжірибені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін, сонымен бірге, Академия ректоры, профессор М.М. Рысбековке алдыңғы қатарлы әлемдік Университеттердің бірінде тәжірибені өтуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді.

1420 11

1420 12

24.06.2019, 02:40
567 қаралым