ОҚМФА студенттері әрқашан алда!

2016 жылдың 14-15 сәуір күндері ОҚМФА фармацевтикалық факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттері З.Турымбет, А.Каримова, Ә.Дәулет, Е.Порохня, М.Дүйсенова Алматы қаласындағы С.Д.Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысты.

767 1

Олимпиаданың бағдарламасы екі бөлімді қамтыды:

Бірінші теориялық бөлім – тестілеу

Екінші бөлім – мамандық бойынша 4 пәннен мәселелік тапсырмаларды орындау:

1. «Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы»

2. «Дәрілер технологиясы»

3. «Фармацевтикалық химия»

4. «Фармакогнозия»

767 2

Сонымен қатар, олимпиадаға Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды қаласындағы ҚММУ, Семей қаласындағы Қ.Шәкәрім атындағы СММУ қатысты.

ОҚМФА командасы 2 бөлімнің қорытындысы бойынша Алматы, Қарағанды, Семей  қалаларының ЖОО ұсынылған командалары арасынан екінші орынға ие болды.

Команданың жетекшісі: фармацевтикалық факультет деканының орынбасары, фарм.ғ.к., проф.м.а. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна.

767 3

Жеке тестілеу мен мәселелік тапсырмаларды шешу нәтижесі сайыстардың бойынша 5 курс студенті Турымбет Зауре 2-ші орынға иеленсе, Дүйсенова Майраш – 3-ші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!!!

27.04.2016, 23:29
409 қаралым