ОҚМФА СТУДЕНТЕРІ «SANTO» АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА «ХИМФАРМ» АҚ-нан ГРАНТТАР ЖЕҢІП АЛДЫ
2017 жылдың 16 наурыз күні Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында «Santo академиялық бағдарламасы» аясында ОҚО кәсіпкерлер палатасы қолдауымен ұйымдастырылған байқау қатысушылары және жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар және ақшалай жүлделермен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Байқау ұйымдастырушысы қатысушыларға Мукалтиннің жаңа формаларын жасау және бар формаларын модернизациялау бойынша арнайы тапсырма ұсынған болатын. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының 5 курс студенті Махинур Мирсоатова Мукалтин сиропы құрамының ең үздік теориялық негізін ұсынғаны үшін 1 орынды иеленді және 500000 тенге көлемінде грант алды.
Екінші орын және 250000 тенге көлемінде грант «Дәрілер технологиясы» кафедрасы магистрі Мұрат Ашировқа «Алтей тамырынан лиофилді экстракт алу технологиясы» жобасын жасағаны үшін берілді.
Үшінші орын және 100000 тенге көлемінде грант клиникалық фармакалогия кафедрасының ассистенті Ольга Ким және 2-ші курс студенті Дана Құрбанәліге «Мукалтин препараты ингридиенттері комбинациясының фармакологиялық талдамасы» тақырыбындағы жобасын жасағаны үшін берілді.
«Химфарм» АҚ, ОҚМФА және ОҚО кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдан бастап тек фармацевтикалық индустрияны дамытуда ғана емес, сондай-ақ фармацевтика саласында ЖОО-лар жас ғалымдары және студенттерін қолдау бойынша, зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында тығыз ынтымақтастықта.
ОҚМФА-ның «Химфарм» АҚ-мен біріккен жұмысы мен ынтымақтастығы студенттерді зауыт базасында оқытуға, профессор-оқытушылар құрамы және ғалымдарды компанияның өндірістік күші және Польша мен Қазақстандағы зерттеу зертханаларымен танысуға мүмкіндік береді.
«Santo» компаниясы болашағы бар оқушылар, студенттер және жас ғалымдарға фармацевтика саласында ғылыми зерттеулерді жасау және қайта қарастыру үшін, компания өндірістік саласында өтілденуден өту және білім сапасы және деңгейін жоғарылатуға бағытталған біріккен іс-шаралар өткізуге гранттар ұсынады.
Бұл жайында салтанатты іс-шарада сөз алған ОҚМФА стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры Алма Ахметова, ғылыми және клиникалық жұмыс бойынша проректор Бегайдар Нурмашев, «Santo» компаниясының зерттеу және әзірленімдер бойынша департаментінің директоры Данаил Дончев, ОҚО бойынша «Атамекен» Аймақтық кәсіпкерлер палатасының адами капитал және әлеуметтік серіктестік департаментінің басшысы Берік Кенжебаев, ҚР ӘМ «Зияткерлік меншік ұлттық институты» ШЖҚ филиалының директоры Мақсат Елібаев, ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар Ассоциациясының директоры Хадиша Альжанова баса айтып өтті.
Байқау фармацевтикалық өндірісті халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру үшін кадрларды даярлау сапасын жоғарылату мақсатында басталған болатын.
«Химфарм» АҚ білім жобасы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан өндірісін халықаралық деңгейдегі кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету, инновацияларды ары қарай дамыту мақсатында халықаралық компаниялар, инвесторларды жұмылдыру бойынша тапсырма аясында жүргізілуде.
Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА,
Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия ғылыми журналының редакторы