ОҚМФА ПОҚ-на арналған«Дәлелді медицинаның заманауи аспектілері» тренингі
Дәлелді медицинаның қағидаларына негізделген заманауи ғылым мен денсаулық сақтау жетістіктерін оқу бағдарламаларға енгізу, клиникалық хаттамаларын енгізу мониторингі,ОҚМФА ПОҚ-ның әлеуметін жоғарылату мақсатында 2016 жылдың 2 мен 4 қараша күндер аралығында дәлелді медицина бөлімі «Дәлелді медицинаның заманауи аспектілері» атты тренинг-семинар өткізді. Тренинг ОҚМФА клиникалық кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін өткізілді, барлығы 20 адам оқыды. Тренинг жүргізушілер: м.ғ.к. К. Е. Ахмадиева, м.ғ.к. Л. Т. Касаева, медиотека маманы Д. М. Мамытова болды. Тренинг ОҚМФА ақпараттық- компьютерлік-тесттік орталығының 221 аудиториясында өтті.
Семинар өткізу барысында біз келесі мақсаттар қоямыз: әлемдік медицинаның соңғы жетістіктерімен, ДМ зерттеу әдістерімен таныстыру, PICO әдісі бойынша клиникалық сұрақтарды тұжырымдау, ғылыми мақалалардың сапасын сынап талдау, AGREE сауалнамасы бойынша клиникалық нұсқаулықтарды талдау, кетер уақытында MCQ тесттік форматта ұсынылған материалдардан тест жүргіземіз, отандық және шетелдік ұсынымдарында өзгерістерді өз бетінше табуға үйретеміз, электронды ресурстарда сапалы мақалаларды іздеу және талдау іске асыру, алынған деректерді өзінің тәжірибесінде және де нақты пациенттерді емдеуде қолдану және бейімдеу. Практикалық сабақтар интерактивті режимде өткізіледі, мақалаларды, ғылыми зерттеулер мен клиникалық ұсыныстарды келесі сайттарда www.ncbi.nlm.nih.gov; www.cochrane.org іздестіруді қамтиды.
ДМ цикілінің оқыту әдістемесін жақсарту үшін тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізілді, оларға сауалнаманы жасырын түрде толтыру, тек сауалнама күнін жазуға рұқсат берілді. Ағымдағы кезеңде барлығы 20 сауалнамалар талданды.
Тренингтің қорытынды бағалау қатысушыларының білім деңгейі едәуір жоғарыланғанын көрсетті. Сертификаттар тапсырылды.
ОҚМФА Дәлелді медицина бөлімі.