ОҚМФА магистранты Мағжан Шамиев Румиядағы (Польша) әлем кубогында алтын медальға ие болды

2016 жылдың 18-20 қарашасында Румия қаласында (Польша) профессионалдар арасында армрестлинг бойынша  "Злотый тур" атты XIII әлем Кубогы өтті. Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия  магистранты Мағжан Шамиев 78 кг. дейін салмақта алтын медальға ие болды. 450 спортшы 44 елден келді (Италия, Франция, Германия, Ресей, Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Польша, Литва, Латвия және т.б.).  Жеңіспен алғашқылардың бірі болып ОҚМФА ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.Д.Сексенбаев және бірінші проректор, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Б.К.Махатов құттықтады.

889 1

Жартылай финалда  Мағжан Петр Бартосовичпен кездесті (Польша), ал финалда  ресейлік Заур Саидовпен күш сынасып, алтынды сол қолымен жеңіп алды. 

Бірінші қола медальды М.Шамиев 2009 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысы Шардара қаласының орта мектебінің 10 сынып оқушы кезінде Ташкентте өткен Азия Чемпионатында 55 кг салмақта жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Алматы қаласында 65 кг дейін салмақта 2011 жылы әлем чемпионы болды. Сонан соң армрестлинг бойынша  Швеция, Словения, Италия, Ресей, Испания, Чехия, Турция, Украина, Болгариядағы еуропалық турнирлерде жеңіске жетті. Одан кейін Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия, БАЭ, Иран, Қырғызстан, Өзбекстанда өткен Азия чемпионаттарына қатысты.

889 2

Тек бір рет қана, спорттық карьерасының бастамасы кезінде, жартылай финалда төртінші орын алып жеңіліп қалған еді. Сол жеңілісіне күйзелген кезде, анасы Хансұлу жеңістердің әлі алда екені жайлы жұбаныш сөздерін айтып, Шардараның армрестлинг мектебіне сенімділігін білдірді. Сонымен қатар Румия қаласындағы «Злотый тур» әлем кубогынан Шардара қаласының аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Романұлы Қарсыбаевтың (көп жылдар бойы ол армрестлинг бойынша спорт мектебін басқарды), ОҚО құрамасының бас бапшысы Сейфулла Нұрхаликовтың түлектері үш алтын, үш қола медаль алып келді.

«Румиядағы жарыстар жоғары деңгейде өтті, - деп айтып өтті М.Шамиев, - залда орнатылған 18 телекамералар үлкен экранға атақты спортшылардың қызықты тартыстарын көрсетіп тұрды».

Әлемдегі армрестлингтің дамуы және көп елдерде өткен турнирлар жайында айтылған Польша журналында Мағжан Шамиев және Шымболат Райханов жайлы ақпарат бар. Армрестлинг бойынша Оңтүстік-Қазақстан мектебімен біздің де спорт шолушылары таныс. «Варшава-Москва-Шымкент» авиаұшуынан кейін республикалық БАҚ біздің спортшылардан интервью алды. Көрермендердің жарысты «Казспорт» және «Боец» телеканалдарынан тамашалау мүмкіндігінен бөлек, олар Мағжан Шамиевтің бөліскен пікірлерін ести алады. 

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, ОҚМФА ғылыми журналының редакторы, Казақстан журналистер Одағының мүшесі.  

29.11.2016, 01:36
317 қаралым