ОҚМФА КТК сайысы – 2015

 

551 2

Биылғы жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілу барысы ауқымды болуда. «Қазақ хандығының – 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 70 жыл және Қазақстан Халықтар Ассамблеясына – 20 жыл» тақырыбында бірнеше қоғамдық шаралар Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясында жиі өткізілуде. Атап айтқанда, аталған мерекелер қарсаңына оқытушылар мен студенттер белсенді түрде концерттік бағдарламалар, сайыстар және де т.б. қоғамдық жұмыстар ұйымдастырып, жоғары деңгейде жасауда.

551 3

Сонымен қатар, 2015 жылдың 5-мамыр күні академия акт залында жалпы студенттердің қатысуымен өз өнерлерін көрсету сайысы яғни, «Ректор кубогына» арналған факультетаралық Көңілді тапқырлар клубы ойыны өткізілді.

551 1

Қазақ-орыс тілінде өткен сайыс үш кезеңнен тұрды  және үш топ бақ сынасты. Нәтижесінде І-орын, әрі кубок иегері -  Техникалық және кәсіби білім беру факультетінен құралған «Жедел жәрдем», ІІ-орынды Дәрігерлік емдеу ісі мамандығының студенттерінен құралған – «МПД жастары», ал ІІІ-орынды орыс топтарынан құралған «Скочь» КТК командалары иеленді.

 

13.05.2015, 22:35
432 қаралым