ОҚМФА «G-GLOBAL»АЛАҢЫНДА: НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫНЫҢ ЖАСТАР ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік  фармацевтика академиясы  және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы  қорының жас ғалымдар кеңесі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «G-Global» халықаралық коммуникативті алаңында «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің IV Халықаралық ғылыми конференциясының «Медицинадағы инновация: теориядан тәжірибеге» секциясының мәжілісін төртінші рет өткізді.

887 1

Конференцияның ашылуы кезенінде м.ғ.д., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры М.У.Анартаева ғылыми форумның қатысушыларына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан ЖОО-лары өкілдеріне  маңыздылығын атап өтіп, академияның 25- жылдық тарихындағы маңызды жетістіктерімен таныстырды.

Жиналғандарға құттықтау сөзбен шыққанда: Томанов Махмут Муратович – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты,  С. Демирел атындағы университетінің ассистент – профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Каусова Галина Калиевна – м.ғ.д., Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Едигеева Роза Макашевна - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының өкілі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

887 2

Пленарлық мәжілісте оқылған баяндамалар: «Влияние сиалоаденэктомии на морфофункциональное состояние семенников неполовозрелых крыс» - Иванова В.В., Мильто И.В., ФГБОУ ВО СибГМУ, Томск қ., Ресей Федерациясы; «The marketing strategy of promotion of goods in the conditions of the competitive environment of the pharmaceutical market» - Бубешова М.С., Шертаева К.Д., ОҚМФА, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы; «The molecular characterisation of SIGLEC5/14 and 9 on human neutrophil» - Tolebayev Y.A., Paul Crocker, FRSE, University of Dundee, Scotland, United Kingdom, South Kazakhstan State Pharmaceutical Academy, Shymkent, Kazakhstan; «Кардиальные факторы риска ишемического инсульта» - Назарбекова Д.Д., ғылыми басшысы: профессор, Дущанова Г.А., ОҚМФА, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.

887 3

Конференция барысында жас зерттеушілер арасында өзара қатынас және өзара ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөлді. Екі күн көлемінде  «Биологиялық ғылымдар және денсаулық сақтау» және «Фармацияның өзекті мәселелері» атты секциялар жұмыс жасады.. 

«Медицинадағы инновация: теориядан тәжірибеге» секциясының мәжілісі Астаналық экономикалық форумның «G-Global» халықаралық коммуникативті алаңында онлайн-режимінде өтті. «G-Global» интернет-жобасы тыңдаушылардың кең ауқымына халықаралық конференция қатысушыларының биология, медицина және фармацияның өзекті мәселері жайлы пікірлерін естуге мүмкіндік берді.

887 4

Конференцияда Сібір мемлекеттік медициналық университеті (Ресей, Томск қ.), И.П.Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университеті (Рязань қ., Ресей), Ташкент фармацевтикалық институты (Өзбекстан), сондай-ақ Қазақстанның алты медициналық жооларының ғылыми кеңесінің өкілдері қатысты.

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жас ғалымдар мен студенттердің конференциясына арналған материалдарды басып шығарады, жооның электронды сайтында ұсынады.  

Жыл сайын 10 желтоқсан –  Нобельдің туған күнінде конференция ұйымдастырушылары 10 секция бойынша женімпаздарді атап өтті, дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға сертификат берді.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, журналист

15.12.2016, 00:31
505 қаралым