ОҚМФА БОЛОНЬЯДА (ИТАЛИЯ) УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҰЛЫ ХАРТИЯСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы жуырда Университеттердің Ұлы Хартиясы талаптарына жауап беретін Еуропаның үздік 20 жоолар қатарына енді. Ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.Д. Сексенбаев Болонья қ.(Италия) «Магна-картаға» қол қойып, ОҚМФА-ның академиялық ынтымақтастыққа, университеттер дәстүрлерінің принциптерін басшылыққа ала алатын, саяси және әлеуметтік тосқауылдарды ала отырып, болашақ ұрпаққа сапалы білім, қоршаған орта және өмірдің өзіне саналы көзқарасты сусындата алатын білім ордасы екенін танытты.
Қазақстан Болон үдерісіне 2010 жылы қосылған. Болон үдерісінің даму стратегиясын айқындайтын негізгі құжат - «Еуропа аумағында жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенциясы болып табылады, оны ЮНЕСКО Лиссабонда 1997 жылдың сәуірінде жария етті. Бұл қазақстан жооларының Еуропа комиссиясымен қаржыландырылатын жобаларға қатысуының қосымша мүмкіншіліктері жайында, ал жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының еуропа елдерінің университеттерімен академиялық алмасуға қатысу мүмкіндігі жайлы паш етеді.
Болон декларациясын АҚШ, Латын Америкасы, Қытай, Жапония, Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген алдыңғы қатарлы жоолары ресми танып, қолдау танытты.
Дәстүр бойынша қыркүйек айында Университеттердің Ұлы Хартиясы, немесе «Магна-картаға» қол қойған жоо ректорлары Еуропаның ежелгі университеті – Болон университетіндегі жыл сайынғы конференцияда жылдам өзгерген әлемдегі білім дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға жиналады. Бұл конференция " 2015 жылдан кейінгі құндылықтар: университеттер мен студенттерге жаһандық мүмкіншіліктер" атауымен өтті. Хартияға сондай-ақ бүкіл әлемнен 25 жоо қол қойды. Cалтанатты рәсімге білім және мәдениет бойынша Еуропа комиссиясының бас директоры Хавиер Пратс Моне, Италияның бұрынғы премьер-министрі, Еуропа комиссиясының экс-президенті Романо Проди, Болон университетінің ректоры Ивано Диониджи қатысты.
Қол қою салтанатты рәсіміне ОҚМФА ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс бойынша проректоры, фарм.ғ.д., профессор Б.К.Махатов қатысты.
ОҚМФА профессор-оқытушылар құрамы 20 ғылыми-техникалық жоба бойынша жұмыс жасауда, кафедраларда ғылыми жобаларға 150 ғалымдар мен педагогтар жұмылдырылған, оқу орны қабырғасында геномдық зерттеу бойынша және Қазақстанның оңтүстігінде өсетін дәрілік өсімдікті зерттеу бойынша лабораториялар жұмыс жасайды.
Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, ОҚМФА ғылыми журналының редакторы. 87024777639.