ОҚМА және Назарбаев Қоры Нобель онкүндігінде: жас ғалымдардың ізденістері мен жаңалықтары

Екі күн ішінде 2020 жылдың 10-11 желтоқсанында - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қабырғасында Назарбаев Қорымен бірге «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VII халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

1610 1

Конференция коронавирустық пандемияға қарамастан, екі бөлімде және 14 секцияда 150-ден астам спикерлерді жинады.

Конференцияны аша отырып, ректор, профессор М.М.Рысбеков Ресей, Германия, Израиль, Иран, Үндістан, Польша, Чехия, Беларуссия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан келген қатысушыларды академия платформасында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау мүмкіндігімен шын жүректен құттықтады. Ол жастарды ғылым мен білімді жоғары деңгейге көтеруге қабілетті интеллектуалды және шығармашылық әлеуеті бар ең озық және талаптанушы деп атады.

1610 2

Пленарлық отырыста келесі спикерлер болды: А.Хаимов, Израиль, Иерусалим мемлекеттік университетінің стоматологиядағы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің қызметкері; Сина Мостафави, PhD докторант, IPHARMS медициналық университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі өкілі. Шахида Бехешти, Тегеран, Иран; Н.Е.Глушкова, PhD-доктор, профессор, «Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі» Қазақстан медициналық университеті, Алматы қ.; Момбеков С.Е., С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің PhD-докторы Алматы; Д.З. Мұхамеджанов, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-ші оқу жылының резидент-инфекционисті, Шымкент қ.

1610 3

11-ші желтоқсанда ғылыми конференцияның қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жеті жыл бұрынғыдай университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының көшбасшылары: Сеченов атындағы Бірінші мемлекеттік медицина университеті (Ресей), Бехешти университеті (Иран), Ұлттық фармацевтикалық университет (Украина), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті , Гумилев Университеті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Микробиология және вирусология институты, Ташкент фармацевтика институты (Өзбекстан), Санкт-Петербург (Ресей) Федералды медициналық-биологиялық агенттігінің токсикология институты және т.б.

1610 5

Проректорлар, профессорлар М.М.Есіркепов пен Б.Қ.Нұрмашев жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттай отырып, барлығына мазмұнды сөйлегендері үшін алғыс білдірді, іздеу мен ашумен байланысты бірлескен жобалардың ілгерілеуіне тілектестік білдірді және бұл бағыттағы алғашқы қадам қазірдің өзінде жасалған.

Форумға жіберілген мақалалар мен тезистер «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Хабаршысы» ғылыми журналында жарияланады. Журналдың электронды нұсқасы академияның сайтында орналастырылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша конференцияға үш жүзден астам мақалалар мен тезистер келіп түсті.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

12.12.2020, 15:02
441 қаралым