ОҚМА және COVID-19: амбулаториялық деңгейде бақылау

ОҚМА-ның «Терапия-1» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ғ.К. Асанова және «ЖТД-2» кафедрасының ассистенті Е. Бекзатов Шымкент қаласының қалалық кардиологиялық орталықтың және №9 қалалық емханасының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Баяндаманың тақырыбы COVID-19 коронавирустық инфекциясының жағдайын анықтау стандарттары және жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі болды. Қатысушыларға амбулаториялық деңгейде аурудың симптомсыз, жеңіл, орташа ауыр ағымымен қалай бақыланатыны таныстырылды. Науқастар стационардан шыққаннан кейін не істеу керек, қандай ұсыныстарды ұстану керек. Амбулаториялық жағдайда бақылау алгоритмге сәйкес жүргізіледі: -күнделікті екі рет қоңырау шалу: -жалпы жағдайды, температураны бағалау, шағымдарды анықтау (жөтел, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, тершеңдік, диарея, бөртпе, миалгия және т.б.), сатурация (мүмкін болса);- қажет болған жағдайда бейне кеңес беру, бірақ 3 күнде кемінде 1 рет. Бақылау кезеңінде клиникалық симптомдар дамыған жағдайда (дененің Т жоғарылауы, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу) пациент инфекциялық стационарға жіберіледі.

Семинар жұмысына 38 дәрігер мен 43 медицина қызметкері қатысты.

1594 1

1594 2

26.11.2020, 04:54
349 қаралым