ОҚМА және Қазақстанның Ғылым-медициналық қоғамы «Сену және өмір сүру» атты әлеуметтік-медициналық форумын өткізді

2019 жылдың 15 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Сену және өмір сүру» атты IV Әлеуметтік-медициналық форумы басталды. «Клиникалық онкологияның көпсалалы мәселелері» атты жоғары оқу орындары аралық конференция Қазақстан, Жапония, Ресей, Өзбекстан елдерінен үш жүзге жуық делегаттарды жинады.

1457 1

Биылғы жылы Әлеуметтік-медициналық форум Қазақстанның «Ғылым-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сурия Ертугыровна Есентаеваның жетекшілігімен Шымкент қаласында өткізілуде.

1457 2

Форумда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, м.ғ. д., профессор М.М. Рысбеков және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, м.ғ.к. Ж.А. Иманбаева құттықтау сөз сөйледі.

Қазіргі заманғы химиотерапияның мүмкіндіктерін қазақстандық мамандармен бірге шетелдік әріптестер де талдайды. Конференция спикерлері ретінде жетекші ғалымдар-медиктер Н.Н. Петенко, Ю.В. Вахабова (Ресей, Мәскеу) және Айчи университетінің профессоры Казу Умизава (Токио, Жапония) болды.

1457 3

Мастер-класстар онкологиядағы таргеттік терапия тиімділігі мен жанама құбылыстарын рентгенологиялық бағалаудың заманауи классификациясына арналған және сәулелік диагностика дәрігерлеріне, химиотерапевтерге, аудандық онкологтарға, хирургтарға, ЖТД, медбикелерге, денсаулық сақтаудың алғашқы буынының дәрігерлеріне арналған.

1457 4

Айта кетерлік жайт, медбикелерге амбулаториялық дәрілік терапия кезеңінде дәрігерлік функциялардың бір бөлігін беру қажеттілігі туралы пікірталас жоспарлануда.

1457 5

Форумның екінші күні Ғылыми-медициналық қоғам құрған жас емделушілердің арт-терапиядағы тәжірибесі туралы «Балалар шығармашылық қанатында» атты деректі фильмінің көрсетілімі, «Балалар балаларға көсектеседі» арт-жобасы, «Ертегі суретін салайық» балалар конкурсы өтеді.

1457 6

Балалар акт залының сахнасында жас пациенттер жазған ертегілердің желісі бойынша «Барлық ауруларға ем сиқырлы құралдарды іздеуде» қойылымын көрсетеді. Спектакльде барлық рөлдерді онкологиялық және гематологиялық патологиясы бар балалар – педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми орталығының пациенттері орындайды.

1457 7

Екі күндік жоғары оқу орындары аралық конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.

15.11.2019, 10:55
323 қаралым