ОҚМА және №1 ҚКА: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен келешегі

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасы арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

1625 1

Кездесу модераторы ОҚМА ректоры, профессор Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков адами капиталды дамытудағы маңызды кезең болып табылатын құжатқа қол қоя отырып, Академия мен №1 ҚКА ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеді, бірлескен жұмысқа дайын екенін атап өтті.

1625 2

№1 ҚКА бас дәрігері Абылай Әбдіжаппарұлы Домбай оқу процесін жүргізу, кафедра қызметкерлері мен ғалымдардың емдеу-диагностикалық процеске, консультациялық жұмысқа қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті. Ең бастысы, клиникалық базаның медициналық қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіледі.

1625 3

2020 жылдың желтоқсанында ҚР Денсаулық сақтау министрі Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекітті. Жаңа Ережеге сәйкес екі тарап та білім алушыларды практикалық бағдарланған клиникалық даярлауда олардың үздіксіз кәсіби өсуі үшін ынтымақтастықты дамытуға және мүмкіндіктерді кеңейту жөнінде шешім қабылдады.

1625 4

Құжатқа қол қою кезінде Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов, ОҚМА ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Б.К. Нұрмашев, емханалар мен емдеу ұйымдарының бас дәрігерлері, медициналық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

12.01.2021, 06:50
400 қаралым