ОҚМА студенттері Шанин атындағы театрда Мұхтар Әуезовтың "Қаракөз" спектаклін тамашалады

2021 жылдың 31 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, резиденттері, дәрігер-интерндері театр өнері әлеміне саяхат жасады.

Қазақ драма театры өз сахнасында Мұхтар Әуезовтың әйгілі "Қаракөз"пьесасын қойды.

"Театр труппасы спектакльдің қойылымында керемет өнер көрсетіп, жастарды шынайы өмірге деген көзқарасын қайта қарауға мәжбүр етті. Актерлер өз ойынымен көптеген жақсы әсер қалдырды", - деп болашақ дәрігерлер Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасымен ой бөлісті.

1671 1

Биыл студенттік кәсіподақ академияда білім алушылар үшін алғаш рет драма театрға баруын ұйымдастырды. Студенттік кәсіподақ комитеті мамыр айына жоспарланған орыс драма театрының репертуарын көруді жоспарлап отыр.

08.04.2021, 06:10
451 қаралым