ОҚМА кафедраларының жас ғалымдары мен қызметкерлері өзекті тақырыптар мен ғылыми ізденісте
ЖОО магистранттары мен докторанттары үшін Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы Elsevier компаниясының Орталық Азия және Әзірбайжан командасымен семинарлар ұйымдастырды. Тренер Рабиға Хожамкул, MD, MPH, PhD кандидат-Орталық Азия және Азейрбайджан бойынша консультант – үш күндік – 2021 жылдың 29 маусымы мен 1 шілдесі аралығында - Болашақ зерттеушілерді базадан өзекті тақырыптар мен авторларды, Scopus-та жарияланымдар үшін лайықты журналдарды іздеумен және Хирш индексін қалай көтеру керектігімен таныстырды.
«Scopus және SienceDireсt өзекті тақырыпты таңдау және Хирш индексін ұлғайту», «Scopus және SienceDireсt журналда жариялау үшін тиімді іздеу», «Scopus және SienceDireсt – дәйексөзді арттыру және ынтымақтастықты іздеу стратегиялары» сияқты онлайн семинарлардың тақырыбы қызықты болды. Семинар қатысушылары: Мохинур Мирсоатова, Любовь Магай, Жасұлан Қалышбаев, Арина Мусаева, Ботакөз Ажибаева, Нышанбай Қонаш, Майдан Мұхамедияров, Ұлан Кемелбеков, Татьяна Полугчи және т.б. жаңа білім алғандары үшін тренерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
