ОҚМА-дағы «Конституция күні» мен «Білім күні»

1433 1

2019 жылдың 31 тамызында Жастар ресурстық орталығында «ҚР Конституциясы күні» мен «Білім күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.

1433 2

Жоспарға сай өткізілген іс-шараны ОҚМА оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева ашып беріп, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нуржанова «Конституция – тұрақтылық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.

1433 3

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім студенттерді академияның ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.

Іс-шара соңында медицина және фармация факультеті декандары мен медицина колледжі директоры студенттерге оқу үдерісі жайлы ақпарат беріп, белсенді студенттер ОҚМА ғимараттарымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

1433 4

Барша қызметкерлер мен білім алушыларды Конституция күні мен Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

04.09.2019, 00:02
351 қаралым