ОҚМА ғалымдары мен оқытушылары коронавируспен күресу жолында Шымкент қаласының дәрігер-инфекционисттеріне қолдау көрсетті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Болашақ» жастар орталығы Шымкент қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің үш бригадасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Академия ғалымдары мен оқытушылары тәулік бойы ауруханадан шықпай коронавирусты жұқтырған науқастарға және науқастардың карантиндік аймақтарында білікті медициналық көмек көрсетіп жүрген жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады.

1525 1

"Біз жұқпалы вирусқа байланысты әлемге қауіп төніп тұрғанын түсінуіміз керек", - дейді кафедра меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Ордабаева Сәуле Құтымқызы. Мыңдаған дәрігер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, кедендердің қызметкерлері қауіпті қауіп-қатер аймақтарында тұр, дегенмен батыл және ерлікпен кәсіби борышын орындауда. Оларды балалары, ата-аналары, күйеулері мен әйелдері күтетінін түсінеміз. Біз олардың жұмысын бағалаймыз, сондықтан үйде қаламыз. ОҚМА, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындары сияқты, студенттермен онлайн форматта, видеоконференция өткізуде.

1525 2

Акцияны фармацевтикалық және токсикологиялық химия, әлеуметтік-қоғамдық пәндер, фармакогнозия, фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару кафедраларының қызметкерлері, медицина және фармация факультетінің декандары, интернатура, медициналық колледж, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қолдауымен студенттер жүргізді.

Инфекциялық аурухана дәрігерлерінің атынан зертхана меңгерушісі, кәсіподақ комитетінің төрайымы Күлжанова Қалдыгүл Жаппарқызы алғысын білдірді.

Айта кететін жағдай, ОҚМА студенттері оқу орнымыздың сайтына қойылған Шымкенттің дәрігер-инфекционисттерін қолдауға арналған бейнеролик дайындады.

24.04.2020, 07:38
322 қаралым